Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне 
қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың 
педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады. 
Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір 
қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай – күйі 
төмен болады. 
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата – аналардың бәрін кешірушілік 
сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке 
тәрбиелейді. 
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың 
жоқтығы. Осының нәтижесінде ата – аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің 
көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім 
болып өседі. 
Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан, өмірден 
аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер 
етеді. 
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс — әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен 
қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады. 
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже 
іс — әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек 
иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз 
дәрежесіне даналық ақыл – ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық 
бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады. 
4.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формулалары.
Мектеп оқу – тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата – 
аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. 
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы 
байланысының басты формасы ата – аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, 
күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие 
жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады. 
Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: 
оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге 
байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. 


Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни 
ата – аналарға педагогикалық білім беру. 
Қазір ата – аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді 
насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде 
болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата – аналарды педагогикалық 
минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. 
Ата – аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың 
жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық – 
психологиялық білім негіздерімен ата – аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған 
міндеттердің бірі. 
Мектептің ата – аналар комитеті мұғалімдерге, ата – аналарға көмектеседі, балалардың 
демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды 
ұйымдастыруға қатысады. Ата – аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын 
пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады. 
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның 
талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы 
орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек 
етуге даярлау. 



Оқушы үшін топтық, жеке, ұжымдық сабақтарды салыстырыңыз. 
Белсенділік
 
– бұл мұғалімнің белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұны, көлемі оқу 
қолданылатын 
және 
қызығушылығын 
тудыратын, 
белсенділігін 
арттыратын, 
шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен 
шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірбиеде қолдануға бағытталған.Бұл ой еңбегінің 
құлдырау 
және 
тоқтап 
қалудан 
сақтайтын, 
жігерлі, 
мақсатты 
бағытталған 
жүйе. Оқушының белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін 
аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере 
алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін 
дамыта алады. 
Бастауыш
сыныпта 
оқушыға 
білім 
беру белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни сөйлеу, оқу, талд
ау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс жеткізуді қамтиды. Қазіргі білім жүйесінің 
ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, 
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру болып табылады. 
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстардың пайдасы зор. Топтық жұмыстың ерекшеліктері: 

оқушы өтілген сабақ материалын түсінбесе, мұғалімге тура сұрақ бағыттай алмайды. Ал 
топтық жұмыс әрекеті барысында оқушы түсінбеген тақырып төңірегінде бір-бірімен ақылдасу 
мүмкіндігіне ие, сондай-ақ, игермеген тақырыбын мұғалімнен сұрайды; 

айналадағы болып жатқан мәселелерді өздігінен анықтайды; 

әрбір топ мүшесі топтың нәтижеге жетуі білім бағдарламасындағы тапсырмалардың 
орындауынан ғана емес, өздігінен жаңа білім мен дағдыларды керек ететіндігін түсінеді; 

оқушылар өз көзқарастарын тұрақтандырады, ұсынады және дәлелдей алады; 

оқушылар топтық жұмыс әрекетінде жинаған білім, біліктерінің тиімді қолдану мүмкіндігін 
түсінеді; 



оқушылар өзара және мұғаліммен пікірлесу арқылы қарым-қатынастық дағдыны 
қалыптастырады; 

оқушылардың серіктестік сезімі мен өзара ынтымақтастық байланысы мен шығармашылық 
дағдылары дамиды[1]. 
Топтық жұмыс оқушыларды шығармашыл ойлауға, кез-келген ақпаратты ойластыра отырып 
талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге жетелейді. Топтық жұмысты жасауда 
ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.Топтасу барысында әр оқушы қамтылады. Сынып 
оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетеді, сабақта деген белсенділігі артады. 
Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, 
әрқайсысының пікірі құнды екенін біледі. Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде 
талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой 
иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, белсенділігі, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын 
байқалып отырады. Жұппен кішігірім топтармен жұмыс істеуге, ортақ проблемалардың 
шешімін табуға, талқылауға, жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға, жаңалықтар ашуға 
үйренеді. 
Оқушылар топпен жұмыс істеу барысында сыйластықты, жауапкершілікті, топтың барлық 
мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын, тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасауды 
үйренеді. Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп 
сөйлеп кету, топта ұтымды жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, 
шыңдалады. Оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне 
бар ынта жігерімен көмектесіп, үйретуге, топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру 
қабілетінің арта түсетіндігі, оқушы бағалауының әділ болатындығы және бір үстінде бірнеше 
оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. 
Топтық жұмыс барысында оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен 
оқиды.Шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар оқытылатын нәрсе туралы көп біледі және 
білгендерін естерінде ұзақ сақтайды. Топтық жұмыс-кез келген мәселенің шешімін табуға 
септігін тигізеді.Ол білім беру мен білім алудағы жаңа әдістерді жүзеге асырады және 
қолдануға мүмкіндік беретін әдіс.[2] 
Топпен жұмыс істеу тақырыпқа, мақсатқа, дидактикалық міндетке және оқушылардың 
жұмысқа деген әзірлігі дәрежесіне, олардың танымдық белсенділігін дамытуға байланысты 
болады. Кез-келген жағдайда мұғалімнің назары үнемі бірнеше жайтқа: сабақ барысының 
сабақтың жоспарға немесе конспектіге сәйкес келуіне, топта орындалатын жұмыстың 
қарқынына, топтық және жеке тапсырмалардың болуына және оларды ойдағыдай орындауға, 
белсенді оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етуге, топ оқушыларды және жекеленген 
оқушылардың жетістіктерін айтып, мадақтап отыруға аударылады. Жаңа ұғымдардың мәні 
жеткілікті түрде толық ашылып көрсетілді ме, оны оқушылар меңгере ала ма, олар белсенді 
түрде жұмыс істеп отыр ма – міне осының бәрі мұғалімнің көбірек қамқорлық жасайтын 
нәрселері болуы керек. 
Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің 
бірнеше түрі қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзін-өз тәрбиелеу, т.б. белсенділіктері 
дамиды, яғни сабаққа ынталы, барлық зейінімен қызыға қатысу, іздене білу. Топпен жұмыс 
кезінде қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін 
мадақтау, марапаттау, жеке тапсырма беру оқушының белсенділігін арттыра түседі. Сонымен 
бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты, шығармашы-лықты 
қалыптастырады. Сабақта оқушылардың белсенділігін дамыту ісі мұғалімнің шығармашылық 
деңгейіне, шеберлігіне байланысты жүзеге асады. 
Топтық жұмыс оқу тапсырмаларын бірлесіп орындауға бағытталған сынып негізінде жұптық, 
шағын топ және үлкен топтық жұмысты ұйымдастыруға негізделеді. Топтық жұмыс - 
оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірін түсінуге 
немесе теріске шығаруға ынталандырылған жағдайда тиімді болады. Оқушылардың ойлауын 
дамыту 

топтық 
жұмыстың 
басты 
мақсаты. 
Топтық 
жұмыс 
барысында 


оқушының белсенділігін арттыру үшін, оқушының өзіндік ынта – ықыласына көңіл бөлу 
қажет. Егер болмаса ол жан – жақты меңгере алмайды. 



Жалпы білім беру мазмұнының принциптерін таңдап, оған сипаттама 
беріңіз. 
Білім мазмұнын жетілдіру әртүрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, 
бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты «Жалпы білім беретін мектептің 
оқу бағдарламаларына (I-IV сыныптар)» (Алматы, 1997), «білім, білік, дағдыларды 
күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар» деген бөлім енгізілді.
 
Бірінші топ – арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу 
пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті 
және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
 
Екінші топ – оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу 
материалдарын меңгеру, талдау оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, 
жұмысты безендіру. Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін 
басқару.
 
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, 
қорытындалау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-
салдарлық байланыстарды анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет