Білім беру жүйесі
- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен
бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі
ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске
асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады,
сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы
шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы
тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа
ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң
жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық
желілерге
шығу»
деп
атап
көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында
оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп
өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп –
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы
ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу,
оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа
формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы
мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-
өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік,
әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді,
сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген
ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін
педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап
отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін
түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені
жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен
потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін
нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын,
дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы
және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған
танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы
«білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді
көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық,
педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген
жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей
оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен
жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін
айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен
активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу,
субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер
мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу
біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық –
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі
заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып –
үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін
дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі
таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен
жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы
жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары
анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі
педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты –
мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық
ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты
хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді
түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «...
өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде
қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы
Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір
адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін,
біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың
критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса,
құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде
әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева
«Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу
мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін
ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу
үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация
арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік
деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық
өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады»
деген тоқтам жасайды.
2
3
13
Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытатындығын
дәлелдеп жазыңыз.
Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің
үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез
секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген
қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен
қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді –
ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін.
Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын
жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог
тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа
адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Жас ұрпаққа
білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты,байсалды, ұстамды,
төзімді,
кешірімді
болуы
шарт.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін,өз
ойын
шәкірттеріне
анық
тұжырымды,дәл
айтып
түсіндіре
білуі
шарт.
Үшіншіден,мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым
оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Әдеп – белгілі бір халықтың
қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық
қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз
эмоцияларын
білдіру
шамасын
көрсетеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдыңда жүреді. Қарым – қатынас
тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс –
тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің
қоры,
яғни
ақыл
–
ойының
көрінісі.
Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі,
интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады: 1. Мұғалімнің сыртқы
келбет мәдениеті; 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі; 3. Мұғалімнің мимика және
пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері; 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу
шеберлігі,
шешендік
қасиеті,
демалу,
дауыс
дикциясы,
интонациясы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірікттіріп
пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен
қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ
және ықыласпен сөйлеседі. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік,
төзім мен сабыр сақтау қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі
қоғам
сенген
адам.
Қазіргі біздің заманымыздың 21 ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мынадай: - Мұғалім
жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болу қажет; -
Мұғалім білім негіздерін өз беттерінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті; -
Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; - Мұғалім-
педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек; - Педагог әрқашан өз
білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті;
2
3
14
Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей
әдістері тобын өзара топтастырыңыз.
Педагогикада
зертеудің
үш
деңгейі
бар:
эмпирикалық,
теориялық,
әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
1.Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп
жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау
жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет
алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу
шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен
өлшеу
құрал-саймандары.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл
бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-
зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу
түрлерінің
әр
алуан
жіктемесін
ажыратуға
болады:
— тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы;
сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде
зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді
жинақтаудың
техникасы
мен
әдісі
таңдалып
алынады;
— жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол
зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы
жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
— жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып
бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-
зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы
мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер
береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
—
Үздіксіз
бақылап-зерттеу
оқыту
процесін,
екі-
үш
оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық
қолайлы
уақыттағы
мінез-құлқын
зерттеу
үшін
қолданылады;
—
Дискретті
бақылап-зерттеу
обьектіні
ұзақ
уақыт
бақылайтын
кезде
қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір
жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
— Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде
қолданылады;
— Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан
бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде
қолданылады;
— Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен
құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт
пен
зерттеушінің
аналитикалық
жұмыс
жасауы
қажет.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапылық суреттемесі мен
өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеу негізін құрайды.Өлшем – зерттеу обьектісін
сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға
қатынасын анықтау процесі.Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды
математикалық өңдеуге жолашып, теориялық болжамдардыңэксперименталды тексеруін
тиімдірек
жүзеге
асыруға
мүмкіндік
береді.
2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі
болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысыныңтіркелгенжағдайларында
зерттеуше бағытталған.Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда
бақылап-зерттеуге
болмайтын
қасиеттерін
ашуға
болады.Эксперимент
зерттеу
құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылстар мен деректерді
«таза»
күйінде
зерттеуге
мүмкіндік
береді.
Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр
түрлі, сондықтан да эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де
бола
алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті
жағдайларында жүзеге асады.Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол
зерттеу обьектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді;
қалыптастыратын түрі – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталған.Ол тәжірибе арқылы
теориялық болжамдарды тексеру, ол бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы
мүмкін.Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді
және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің
құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапашегуімүмкін.Бұлқоғамның құқықтық
және
адамгершілік
қалпыларыныңбұзылуы.
Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда
оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе,
практика.
3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің
обьективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері
танылып, есепке алынады.Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің
өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына
сүйену
керек.
«Түсінік» ұғымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшелігі
дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ
белгіленеді.Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып
кетпесін,
өйткені
олар
жоқ
болса
жалпы
абстрактіге
айналуы
мүмкін.
Сұрақ-жауап
әдісінің
мынандай
түрлері
бар:
а) Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог,оның кезінде
әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орыналады.Әңгіме-сұқбат
алдын ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді
бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды, бұлар көбінесе
әңгімелесушіні
ашық
әңгімеге
тартуға
кедергі
жасауы
мүмкін.
Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі.Олардың білім
беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы
алынған
ақпараттарға
маңызды
қосымша
болып
табылады.
ә)Сұқбат-әңгіме-сұқбаттың бір түрі.Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу обьектісінің өз іс-
әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен
қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады.Сұрақ-жауаптың
бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал
түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді.Зерттеушінің міндеті зерттеу обьектісінің
әңгімесін қолдау.Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет
етеді.Сұқбаттың мақсаты – зерттеу обьектісінің педагогикалық жағдайға деген көзқарасын
қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы
ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.Зерттеуші күрделі кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап обьектісімен терең
қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды
компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет.Көптеген мамандарға
сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуынң заңдылықтарын
қорытындылап
түсіну
мен
анықтау
мүмкіндігі
туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау
қажет.Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті обьектісінің шынайы
сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды,
оларды
жеңудің
тәсілдерін
анықтау
қажет.
б)Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген
жауаптарының варианттарының катологикалық құрылысы.Анкета құрастырушы ұсынған
алдын ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан
тұрады.Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашықсұрақтар деп
аталады.Жабық
сұрақтарға
қарағанда
ашықсұрақтарғастатистикалық
талдау
жасауқиынырақ.
Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу
түрлеріне
деген
қатынасын
анықтау
үшін
қолданылады.
4.Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты
оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар
бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол
практик-мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің
оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа
адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің
баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары,
компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық
оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны
зерттеудің көзі болып табылады.Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу
керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.
5.Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық
кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара
қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында
оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі,
жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен
кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі
барысының
ерекшелікктері
зерттеледі.
Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу
зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы
мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу
олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге
оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы,
сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс
табуы
туралы
жан-жақты
мәлімет
береді.
Оқушылардың
даралық-психологиялық
ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына,мақсат-
мүдделеріне,бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту
процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық
процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық-
педагогикалық мінездемелерімен жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-
педагогикалық тексерулерінің, педгогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес
хаттамаларымен таңысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге
оқушылардың оқу – танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл – ой іс — әрекеттерінің
ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді,
оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық
және
сапалық
өзгерістерін
көрсетеді.
Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының
жағдайы мен даму теңденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары,
оқулықтар, оқу — әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы
білім беретін мектептердің ,лицейлердің, колледждердің оқу – тәрбие бағдарламалары мен
жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, тәрбиелеу мен дамытудың
мазмұндық компонеттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең мағызды негіздері
болып табылады. Мектеп іс- әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің
эмтихандардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор.
Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс- әрекетінің шыңайлығын анықтауға, себеп
салдардық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды
айқындауға
мүмкіндік
береді.
Мәліметтермен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің
концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы
тиіс алғашқы эмперикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу – белгілі бір мәселені
шешудің ақыл – ой, концептуалды жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені
тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты
ғылыми деректерден олардын теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана
оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрсатырудағы дәлел ретінде
педагогикалық ғылымға еңгізуге болады.
3
1
1
Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формасын жаңғыртыңыз.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты
тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.
Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме
болаған емес. Сондықтан оның іс — әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек
ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін
атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтік
аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын
қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың,
жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп,
біріктірудің орталығы.
Мектеп іс — әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез – құлық,
эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады.
Олар: ата – аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен
жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына
мекиеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске
асыруды қамтамасыз етеді.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |