Баланы өз бетімен ойдауға, жұмыс істеуге үйрету.
Түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық
міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру.
Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау.
Зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетімен меңгерулеріне
жағдай жасау.
Дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
3
1
4
Білім беру мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті ретінде
суреттеңіз.
Ең алдымен «педагогикалық үдеріс», «тұтас педагогикалық үдеріс» ұғымдарының мән-
мағынасына
тоқталайық.
«Үдеріс»
(лат.
процесусс
–
алға
басу)
деген
ұғым
мынаны
білдіреді:
1)
жағдайлардың
даму
деңгейлерінің
бірізді
өзгеруі;
2) белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.
Педагогикалық үдерістің мәні екі жақты сипатталады: ең әуелі жұмыс істеп тұрған
1)
әлеуметтік
жүйе
ретінде;
2)
өзіндік
ерекшелігі
бар
жүйе
ретінде.
1.
Әлеуметтік
жүйенің
белгілері:
- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмысы сол мақсатқа бағытталады;
-
өзара
байланысты
элементтерден
(бөліктерден)
тұрады;
-
жүйені
шектеуге
әкелетін
қоршаған
ортада
өмір
сүреді;
-
оның
жұмысын
қамтамасыз
ететін
белгілі
бір
қорға
ие
болады;
-
жүйе
өзінің
ішкі
қарама-қайшылықтарына
байланысты
дамуға
қабілетті;
-
ұйымдастыру
орталығы
арқылы
басқарылады.
Мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық үдерістің мәнін
түсінумен тікелей байланысты. Яғни, педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы
мұғалімнің
кәсіби
дайындығын
одан
әрі
дамытудың
шарты
болады.
Педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп,
зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинақталған
материалдар
негізінде
жасалды.
Педагогикалық үдерістің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты
Э.И.Моносзон,
Г.Н.Филоновтың
еңбектерінде
көрсетілген.
Педагогикалық үдеріс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей
байланысты. Кеңес кезеңінде педагогикалық үдеріске (ХIХ ғас.) алғаш анықтама берген
П.Ф.Каптерев болды. Ол педагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір
бөлшегі
ретінде
өмір
сүреді
деген.
М.А.Данилов өзінің «Педагогикалық үдеріс – педагогикалық теорияның объектісі» деген
еңбегінде, ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика
теориясының
одан
әрі
жетілдірілуі
айқындалады.
Ю.И.Бабанскийдің жүргізген зерттеуі нәтижесінде, оқыту үдерісін оптимизациялау біртұтас
педагогикалық үдерістің ішінде қамтамасыз етілуі тиісті деген қорытынды жасалды.
В.С.Ильин де оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру мәселесін зерттеу
нәтижесінде, дәл сондай қорытындыға келді. Қазақстанда педагогикалық процесті алғаш
зерттегендердің
бірі
Н.Д.Хмель.
2. Педагогикалық үдеріс – біртұтас объект ретінде өзіне тән интегративтік қасиеттерінен
туындайтын
өзіндік
ерекшеліктеріне
ие
болады.
«мұғалім - оқушы» жүйесінің біртұтастығы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен,
педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы
анықталады. Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік сапасы деп өзара
қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол –
үдеріске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды, олар:
әртүрлі реттегі қосымша жүйенің функциялық арнайы бағытта мамандануы; субъектілердің
өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қатынастардың қосындысы.
3
1
5
Отбасының педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күшін
сипаттаңыз.
3
2
4
Отбасының педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күшін
сипаттаңыз.
Отбасы – тәрбие факторы. Отба сындағы тәрбие мәселесін фило софия, психология,
педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. гуманитарлық ғылымдар аясында
терең зерттеулер нәтижесінде бірнеше анықтамаларды кездестіруге болады. Философиялық
тұрғыдан «отбасы» дегеніміз қоғамның ажырамас құрамды бөлігі, өмірде зор мәні бар
шағын ұйымы деп саналса, әлеуметтану ғылымында отбасы ерлі-зайыптылардың құрған
кішігірім тобы деп анықтама берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, мо812-тарау.
Тәрбие теориясы ральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып,
әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты
өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді. Ал, педагогика, психология ғылым
дарында отбасы ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады. Оның
ерекшелігі – тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы
байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола
тұрса да, отбасы – қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас
тобы. Отбасы тәрбиесі проблемалары шетел ғалымдары В. И. Зацепин, Г. К. Матвеев, Ю.
И. Семенов, Н. Е. Со ловьев, ал елімізде С. Қалиев, М. Жарықбаев, К. Ж. Қожахметова, Ж.
Б. Қоянбаев, Б. Аяғанова, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жанжақты қарастырылады.
Ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша отбасы – адамдардың, яғни некелік негізде
қосылған ері мен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да
бірге тұратын жақын адамдарының қарым- қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың
ойынша, бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен
сипаттарын қарастырады. Дүние жүзіндегі әрбір халық тың өзіне тән отбасы тарихы бар.
Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Қазақтың отбасы
мәселесіне байланысты бұрын-соңды жазылып, кезінде баспа бетін көрген үлкенді-кішілі
ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен
қазақтың ауыз әдебиеті – фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, ғұлама
ойшылдар Қорқыттың, Асан Қайғының, әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Кей
Қауыстың отбасы тәрбиесі туралы айтқан құнды пікірлері баға жетпес еңбек болып
табылады. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Отбасындағы
тәрбие тағылымдық, өнегелік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын
анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, ізгілік,
құқықтық, т.б. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоционалдық
жақындықтарына не гізделеді. Бір жағынан отбасы – адам дардың өзінің ішкі өмірін,
құпияларын, сырларын қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қорғайтын бірлестік. Сонымен
қатар, отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа, оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе
алады. 822-тарау. Тәрбие теориясы Отбасы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырып
қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функцияларды орындайтын қоғамның әлеуметтік
құрылымы, бір элементі болып табылады. Отбасы мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста,
ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына
елеулі атсалыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі
ұрпақты отбасыда: әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің
ролі негізделеді. Ал үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен
келіннің, қайны мен балдыздардың ролі қосылады. Отбасындағы ата мен баланың қарым-
қатынасына әдептілік сипатта болады. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен
тамақтандырып, әлди лейді, өсіреді. Ал әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі
көз қарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер – балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе,
екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте
дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы – олардың анасын
сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің ролі ананың ролінен кем болмауы керек. Ол тек әр
адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады. Отбасы, қай кезеңде, қай қоғамда
болмасын өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешуде үлкен мүмкiндiктерге
ие болған. Қазiргi заманғы отбасында жас ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешудегi
ерекшелiгi ата-ананың бiлiм және жалпы мәдени деңгейiнiң жоғары болуымен сипатталады.
Балалардың отбасындағы тәрбие сi оның белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт ретiнде
анықталады, ол отбасы мүшелерi арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен
дамуына септiгiн тигiзетiн адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, тұрмыстық өмір.
Отбасы тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрi
алмастыра алмайды. Олай болса, отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы
алғашқы бағыт-бағдар беретін ортасы. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы
түсiнiктер бередi, оны еңбекке баулып, өз-өзiне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады.
Ата- ананың iс-әрекетi мен мiнез-құлқы, өмiр сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық,
адамгершілік, әлеуметтiк-саяси құндылықтар берiледi. Отбасы тәрбиесiнiң қоғамдық және
мемлекеттiк тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда қазiргi қоғамдық өмiрде
болып жатқан әлеуметтiк, экономикалық және демографиялық өзгерiстер отбасына 832-
тарау. Тәрбие теориясы белгiлi бiр қиыншылықтар туғызады. Яғни, нарық қатынастарының
дамуы нәтижесiнде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердiң де,
балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өмiрiне елеулi
өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалiмдердiң мiндетi – қоғамдық қатынастардың жаңа
жүйесi ұсынып отырған әлеуметтiк мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы
балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетiне үйрету жұмыстарын ойластыру
қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игiлiк үшiн
және өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құқықтық екi жақты қызмет көрсету екенiн
түсiндiру. Ата-ананың маңызды мiндетi балаларымен бiрiккен коммерциялық қызмет-
әрекет ке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершiлiгiн,
ұқыптылығын дамытатын қызмет көр сетудiң әртүрiн орындауға үйрету. Нарық отбасы
мүшелерiнiң алатын орнына жанама әсер етедi, олардың өмiрiне жаңа әлеуметтiк бағдарлар
енгiзедi. Қоғамдық және мемлекеттiк тәрбие беделiнiң төмендеуi отбасы өмiрiнiң
тәрбиесіне қиындық әкелді. Бүгінгі күні қоғам дамыған сайын, отбасындағы бала саны
азайып келедi. Аз балалы отбасында, негiзiнен бiр баласы бар отбасында, iшкi отбасылық
тәрбиенiң ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бiр баланың тәрбиесi
қосымша педагогикалық күш салуды талап етедi. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесi
мен атасының артық көңiл бөлуi оны белсендiлiгiнен айырып, оның эгоистiк қасиеттерінің
қалыптасуына әсер етеді. Толық емес отбасыларда, ата-анасының бiреуi жоқ болған
отбасыларда тәрбиелiк мәселелердi шешуде кейбiр адамгершілік-психологиялық
ыңғайсыздықтар болуы мүмкiн. Мұндай отбасылардың көбiнде ана және бала ғана болады.
Отбасы тәрбиесiнiң проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың
уақыты жетпеуi көбiнесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқ ты тәрбиелiк ықпалдың нәтижесiз
әдiстерiн пайдалануға мәжбүр болады. Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмiрi ұрыс-
керiске, ата-ананың бiр-бiрiне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер
мен iс-әрекеттерге толы отбасында әртүрлі проблемалар туындайды. Ата-ана құқығынан
айырылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтiк және педагогикалық проблемалар тудырады.
Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесiн
басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмiрi өз мәнiн барынша жоғалтады, өйткенi
өмiр сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді. 842-тарау. Тәрбие теориясы Елдегi түбегейлi
әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жекеменшiктiң пайда болуына, жеке адамның баю
мүмкiндiгiнiң тууына байланысты материалдық жағынан ауқат ты отбасылар пайда бола
бастады. Мұндай отбасыларда тәрбие белгiлi бiр проблемаға кездеседі. Көбiнесе мұндай
отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекше сезiмi қалыптасып,
қоршаған адамдарға деген жөнсiз наразы лық эгоизмі тууы мүмкiн. Отбасының жоғары
материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын
ұйымдастыруда қолайсыз жағдайлар туғызады. Мектеп пен отбасы әдiстемелерiн нақтылап,
оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу қажет. Осылайша,
демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесiндегi қызметi толығымен қалпына
келетiнiн есте ұстауымыз керек. Алайда қазiргi кездегі қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық
жағдайлар да бала тәрбиесiне қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана, отбасы тәрбиесiнiң
маңыздылығы
баланың
құндылық
бағыттарын,
оның
моральдық
қасиеттерiн
қалыптастыруға негіз болады.
3
1
6
"Педагогикалық ықпал ету тәсілдері", "Түрлері", "тәрбие әдістері"
ұғымдарына анықтама беріңіз.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет
түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу,
тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оның түрлі іс-әрекеттеріне
жағдай жасау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |