Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді
қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін
түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында тәрбиешілер балалардың жеке ерекшеліктерін
ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса,
басқаларында – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болса да балалар
арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және
меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі
– тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетті қоғам
талабына сай балалар бойында тұрақты моралдық қасиеттерді, нормалар мен адамгершілік
идеалдарды, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және
қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас
адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік,
адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген
ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның
тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Достарыңызбен бөлісу: