арасындағы өзара байланыстың және өзара әсердің әртүрлі түрлері және формалары.
Кеңестік психологияда қарым – қатынасты, бір жағынан іс — әрекеттің бір түрі, екіншіден,
іс — әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғым басым. Қарым – қатынастың іс — әрекетпен
байланыстылығы топ мүшелерінің бір – бірімен «үйлесу» немесе «үйлеспеуіне»
байланысты делінетін қарым – қатынастың құрылымы өте күрделі. Бұлар бір – бірімен
тығыз байланысты үш жақтан (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) тұрады.
Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан
тыс кездердегі ұстаздар мен
шәкірттерарасындағы қалыптасқан – қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып
саналады. Осы қарым – қатынас мәселері жөнінде тікелей және жанама қамтыған
В.М.Афоньков, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, Р.Н.Мальковская, Н.Т.Полехин
тағы басқалардың зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы жөнінде
баса көрсетіледі. Жеке бастың қарым – қатынастары барысында жс өскін қоғамның
әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласады. Осы жүйе барысында қарым – қатынас
тәжірибесі қалыптасады, адамдардың өзара қатынасы хақындағы ережелері мен әдептерін,
адамгершілік қасиеттердің даму комплексін таниды. Мұның бәрі оның жақсы қырларының,
мұғалімдермен достық, пейілділік қатынастарыныңнығаюына, оқу үлгерімі мен тәлім алу
сапасына жан – жақты өзгеріс жасайды. Л.Я.Коломинский қарым – қатынас туралы: «Бұл
процесс барысында жүзеге асып жалғасатын, қалыптасатын хабарламалық және заттық
өзара әсер» деп анықтама берді. Осы кезде тәлім – тәрбие ісіндеі шәкірттермен қарым –
қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен
әсіресе, шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән береді.
Осындай талапты анықтап, оны жүзеге асыру жолында
ұстаздың бойында өзіндік сапа,
ұстаздық қасиет және арнайы білім болу керек деген міндет қойылады. Шәкірттер өз
ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап – тілектеріне лайықты, ұнамды
қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің
қаншалықты ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп, іздестіру оларды күнделікті
тәлім – тәрбие істерінің тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша көңіл
бөлу керек болады. Адамның дамып, жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты, ұстаздар
шәкірттерге ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер де ұстаздар шәкірттерге
әлі де бала ретінде қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің
қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен, істеген істерімен, мінез – қылықтары
арқылы білдіреді. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін
ұстаз барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек
балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары, студенттер ұстаздың әрбір қимыл – қозғалысын,
іс — әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне өзге адамдар мен қарым –
қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.
Ендігі кезекте ұстаздар мен шәкірттер қарым – қатынасындағы қарама – қайшылықтардың,
кедергілердің пайда болуын қарастырамыз. Педагогикалық әрекетте қарама – қайшылықтар
мен кедергілер әртүрлі болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады.
Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру мен ұстаздық
шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген қарым – қатынасымен байланысты
болуы мүмкін. Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға
болады. Бірінші себеп: мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай – ақ олардың
оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде орындамауы
салдарынан туындайды. Олар нашар оқытады, нашар қарым – қатынасқа түседі және нашар
тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне немқұрайлықпен қарауының нәтижесінде
олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады.
Нашар ұстаз тек қана ұстаз деген атты сақтап тұрады да, ал шын мәнінде педагогикалық
процесті бұзады. Мұндай ұстаздардың жұмысының нәтижесі – педагогикалық жарамсыз
болып табылады. Яғни бұл шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінен,
білімдерінің төмен болуынан т.б. көптеген қасиеттерінен көрінеді. Педагогикалық
жұмыстағы қарама – қайшылықтың туындауының екінші тобына, ұстаздардың
шәкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген
ерекше махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды. Мұндай
жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің педагог
ретінде шыңдалмағанын
сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік, кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.
3
1
10
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерін көрсетіңіз.
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі- оқушының ұжданы мен абыройын
сақтай білу, оның психологиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау,
керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу
т.б.
3
1
11
Педагогикалык қызметтің құрылымы мен оның ерекшелігін айтып беріңіз.
Педагогикалық қызмет — педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің,
дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және
шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.
Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының
мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті
жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы
игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. Педагогикалық қызмет үш
моделі:
мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы яғни бұйыру, жазалау,
оқушылардың пікірімен санаспау т.с.с),
толық бостандық педагогикасы, сен тимесең мен тиме принципі яғни либералдық
қарым қатынас негізінде орындалады.
серіктестік педагогикасы. / яғни екі жақты түсіну, келісім, пікір алмасу арқылы
орындалады /
3
1
12
Ғылыми зерттеу әдістері туралы түсініктерге тоқталыңыз.
Ғылыми-зерттеу әдістер: теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Яғни,
зерттеу
әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске
асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын
құрайды.Ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады.
Бұл
әдіс
зерттеушіге
алғашқы
мәліметтерді
жинақтау
мен
талдауға
көмектеседі.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек сөзі Empeіrіa
– тәжірибе деген ұғымды береді. Алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуға
болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен құбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау,
көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау;
зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер
жинақтау дегенді білдіреді. Бақылай отырып зерттеуге, алдымен, бақылаушының өзі,
зерттеу нысанасы, бақылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-ақ бақылай отырып
зерттеудің құралдары –
видеоаспаптар, аспап-құралдар, қажетті құралғылар және өлшеу
құрал-жабдықтары жатады.
3
1
13
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға бекітілетін
біліктілік санаттарын сипаттап жазыңыз.
Жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаты бар педагог қызметкерлер мен оларға
теңестірілген тұлғалар педагог қызметкер мен оған теңестірілген тұлғалардың біліктілік
деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларда
белгіленген біліктілік санаттарының біріне үміткер болуға құқылы. Санаты жоқ педагог
қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар. Педагог-біліктілік санатына теңестіріледі.
Санаттар -
Достарыңызбен бөлісу: