даярлықтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті. Оның мынандай
элементтерін ажыратып қарастырады: оқытатын пән материалын
еркін меңгеру және оның
мазмұнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу; оқушыларда білім,
білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы
әдістемелік құзіреттілік; оқыту процесі және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
психологиялық-педагогикалык құзіреттілік; оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру,
қабілеттіліктері мен тұлғалық бағыттылықтарын қалыптастыру барысында іске асатын
дифференциалдық-психологиялық құзіреттілік; педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе
аутопсихологиялық құзіреттілік. Осы құзіреттіліктерді қалыптастырудағы басты әрекет сабақ
беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер. Педагогтың
кәсіби құзіреттілігінің құрылымы оның негізгі іскерліктері арқылы қарастырылады.
Педагогтың танымдық іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін,
интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман
еңбегінің негізі болып саналады. Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл
іскерлік
оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктей
алуымен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің
материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады.
Педагогтың қарым-қатынас (коммуникативтік) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің адамдармен
қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері - сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет
құбылысын игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа
адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін,
көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге
және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас
барысында толеранттылыққа негізделіп, оң шешім таба білу маңызды. Педагогтың хабарлау
(информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік болып бөлінеді
және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі
қарым-қатынас хабарлау
материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауысты үйлестіре
білуі, көніл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылдар
ерекшеліктерін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттерін тиімді
шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра
отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңдай алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану
арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы мұғалімдер үшін өте маңызды қасиеттер.
Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік
мұғалім еңбегінен ажырамайтын,
бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл
іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың
орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын
ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен
кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды біріске жұмылдыра алу іс-әрекеттерінен
құралады. Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. Зерттеушілік іскерлік мұғалімнің әрбір
әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын,
ғылыми болжам жасай
алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, жоспарлауды, сонымен қатар озық
тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға теориялық, практикалық талдау
жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды. Педагогтың проективтік іскерлігі -
оқыту және тәрбие процестерінің перспективалық міндеттерін түсіне отырып, оған жетудің
стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу процесінің
жаңа жобасын құрастырып, оны іске
асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның
орындалуында
ата-аналардың,
оқушылардың
қатысуын
қарастыруы,
қоғаммен
байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып есептеледі. Педагогтың
рефлексивтік іскерлігі. «Рефлексия» деген сөз адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық
жағдайларын талдап, ой елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Педагогтың өз іс-
әрекеттерін бақылап бағалауы, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін