Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Отбасылық қарым-қатынас типтерін тәжірибеге қойыңыз,мысал келтіріп көрсетіңіз



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Отбасылық қарым-қатынас типтерін тәжірибеге қойыңыз,мысал келтіріп көрсетіңіз. 
1.Отбасындағы жалпы қарым - қатынас, үйдегілердің бір - біріне деген сый құрметі немесе 
басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки болмаса, жағымсыз қылықтары жас 
баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата - аналардың ажырасып 
кетуі, ортада қалған балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан анасыз немесе әкесіз 
тәрбиеленген балалар жасық немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата - анасы 
ішімдікке салынып, бір - бірімен жанжалдасып, адамның көңіліне дақ түсіретіндей 
сөздермен бір - бірін балағаттау, осындай кикілжің отбасындағы ұрыстардың кесірінен өз 
балаларын да ұрып - соғу немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың 
психологиясына кері әсер етеді. Кейде осы үйдегі ұрыс - керістің салдарынан көрші - 
қолаңдармен де керілдесіп қалу, сөйтіп олармен де жанжалдасып, айқай - шу көтеруі, сол 
өздері тұрған жердегі адамдардың да тыныштығын алуы, ол үйге дегенөзгелердің де пікірін 
өзгертіп, балаларын оларды балаларынан аулақ ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың 
мінезіне әсер етіп, бала тұйық, жасқаншақ болып өседі және осы жағдай балаға теріс әсер 
етеді. Өсіп келе жатқан бала мұны тез және өзіне жақын қабылдайды. Отбасындағы кез 
келген жағдаятта ата - ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс әрекеттерінде 
әдептілік танытқаны жөн. 
Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата - ананың бір - бірімен болған қарым қатынасы. 
Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан.. Ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Ата 
- ананың бала өсірудегі басты мақсаты - қоғамдық өмірге көпшілікпен қатар түзу кірпіш 
қалау. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп 
ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына 
жылы сөйлеп, оны ана деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның 
көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту 


орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - 
таптырмайтын өмір мектебі десе де болады. 
Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынас баланың жеке 
тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың 
бірі екендігі белгілі. Ата- ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекше және көрнекі 
түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Отбасылық тәрбие жүйесінің және ана-бала 
қарым- қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы - балаларда невроз ауруының пайда болуына 
себепші негізгі патогенетикалық фактор деген көзқарасқа кейбір ғалымдар ерекше көңіл 
бөледі. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген 
соң да әке - шешесін боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата - ана 
көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның 
өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл 
халық ашық та айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол Бесіксіз үйде береке жоқ деп 
түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. 
Осы ойды ертеден келе жатқан Ата - бәйтерек, бала - жапырақ деген бейнелі мақал да 
растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы 
бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды көп балалы болумен де ұштастырыды 
халық. 
Баланың жеке тұлғасының отбасында қалыптасуы ата-ананың балаға қарым-қатынасы мен 
әртүрлі тәрбиеден басқа ата-анасының нұсқауларымен де анықталады. Олар баланың 
көптеген эмоциялық проблемаларының бастауы болуы мүмкін. Бұл жерде нұсқау деп 
жасырын, жанама бұйрықты түсіну керек. Ол ата-анасынын сөздерінен не іс әрекеттерінен 
ашық түрде байқалмайды, оны орындамағаны үшін бала ашық жазаланбайды, жанама түрде 
жазаланады (ата- анасының онында озін кінәлі сезіну). Тек нұсқаулардыорындап қана бала 
өзінің «жақсы» екенін сенеді. 


13 
Педагогтың міндеттеріне кіретін мәселелерді шешіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет