Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі


Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі33,35 Kb.
#80877
1   2   3   4
Байланысты:
Ынтымақтастық оқу дегеніміз
Ынтымақтастық оқу дегеніміз, Аякөз Физика, ortangy top akbota, 8263194.a6
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі: оқушы белсенділігін арттыру үшін оқу үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі топтық жұмыс. В.А.Сухомлинский былай деген «Мұғалімнің оқу үрдісіне шығармашылықпен қарауы баланың бойындағы жасырын қабілеттіктері мен дарынын ашады». Кеңес дәуірінде осындай жақсы ой айтылғанымен ол көбінесе іске аспады. Мұғалім сабақты белгілі бір қалыпта, бір сарында жүргізді. баланың жасырын қабілеті жабулы күйінде қала берді

Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.
Кейбір дағдылар рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады.
• Нақты және түсінікті сипаттама
• Белгіленген жорамал мен құндылықтарды мойындау
• Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау.
\МАН\
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан. Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайс түрінде өткізіп келген едім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім пайда болады. «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» жұмыс жасайды. Топ мүшесі өзінің тобының артта қалмауына жанталасады.Топ жұмысы зерттелген кезде сыныптағы сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға мұғалім де, сыныптастары да таңғала қарады.Топ жұмысының тағы бір маңызды ерекшелігі тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана орындалмауы, оның топ ішінде түрленуі, шарықтауы, жаңа нәтижелерге жетуі. Дәстүрлі сабақтарда біз оқулық шеңбері бойынша тапсырманы беріп келдік, ал қазіргі сабақта мұғалім тапсырманы орындау кезінде оқушыға еркіндік береді.
Мені осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі болатын. Осы уақытқа дейін ол оқушымен тек жеке жұмыс атқарған болатынмын. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды. Оқушы бойында реттелу болды. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдолла(Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы- балалар оқу тәрбие үдерісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру». Оқушыларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар:
1. Оқушылар оқу және тәрбие үдерісінде ғылымға сусап тұрады. Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.
2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.
Оқушылардың белсенділігі зерттелген кезде өзін сабақта төмен көрсетіп жүрген оқушының бойындағы ашылмаған жаңа қырлары көрінеді. Оған сыныптастары басқа көзбен қарай бастайды. Топ өзінің ережесін шығара отырып оны орындауға тырысады. Олардың бойларында формативті бағалау кезінде басқа топтардан қалмау керектігі туралы, білімін көрсету, мақсатқа жету туралы бәсекелестік пайда болады. Сыныпта топтық, ынтымақтастық атмосфера туады. Топ ішінде шешілмейтін мәселе болмайтынын оқушылар түсіне бастайды. Әр оқушыда танымдық түрткі пайда болып, оқуға деген қызығушылық туады. Әр сабақта топ құрамы өзгеріп отыру керек. Топ барлық сабақта тек бір оқушылардан ғана тұрмағаны жөн.
Топ ішіндегі туындаған эмоционалды әрекет кезінде оқушылар арасында жағымды байланыс пайда болады. Олар өзге оқушыларды да түсінуге тырысады.Оқушылар арасында басқа топ мүшесімен диалог құру, сұрақтар қою, өзгені тыңдау, өзінің көзқарасын қорғау, қорытынды шығару дағдылары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет