Мүгедектік топтар



Дата23.01.2022
өлшемі13,01 Kb.
#113607
Байланысты:
начало


Мүгедектік топтар

Мүгедектік науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.

І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;

ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;

ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.

Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру. Қазақстан Республикасының «мүгедекетерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында Мүгедек - ол ағза функцияларының бұзылуы салдарынан олардың өмір сүру мүмкіндіктерін шектеуге әкеп тірейтін түрлі жарақаттар, аурулар, кемістердің салдарынан денсаулығы нашар тұлға делінген.

Мүмкіндігі шектеулі адам – бұл физикалық және (немесе) психикалық дамуында кемшіліктері бар, қалыпты психикалық және физикалық дамудан айтарлықтай ауытқулары бар адам екенін түсіну керек. Дамуында кемістігі бар адамдардың 8 санаты бар:

1. Есту қабілеті бұзылған;

2. Көру қабілеті бұзылған;

3. Сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар;

4. Ақыл-есі кем адамдар;

5. Психикалық дамуы тежелген адамдар;

6. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар;



7. Эмоционалды-еріктік саласы бұзылған адамдар;

8. Көптеген бұзылулары бар адамдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет