Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп



Дата08.07.2018
өлшемі233,79 Kb.
#48467

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп





Тренинг: «Астана – ұлы дала елордасы»




Тренер: Абуева Лазат Тургановна

Бірлік ауылы

2018 жыл

Тренингтің тақырыбы: «АСТАНА - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ»

Мақсаты: Білімділік: Астана қаласының тарихи- мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, ,ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде Отансүйгіштікке,әсемдікке баулу.

Түрі: тренинг

Көрнекілігі: Интербелсенді тақтадағы слайдтар, Астана  суреттері.

Барысы:  

1. Ұйымдастыру. «Миға шабуыл» Берілген сөздер арқылы топтарға бөліну:«Жаз демалысы»

Берілген сөздер:саяхат, шипажай, поезд,автобус, Астана-Бурабай, 48+8=56 күн, 50% жеңілдік, демалыс, кәсіподақ, Түркістан, Ыстық көл, Сарыағаш, Меркенка, ГРЭС т.б. Берілген сөздерді мағынысын айту арқылы тақырыппен, мақсатымен таныстыру.

2. Астана қаласына саяхат.

3. Сөзжұмбақты  шешу. «Ойнайық та, ойлайық» айдары.

4. Топтастыру. «Астана туралы не білеміз?» Астана туралы өлендер,тақпақтар.

5. «Жүректен жүрекке» -ізгі тілектер.

І. Ұйымдастыру.

Тренер: Құрметті әріптестер бүгін тренингіміздің тақырыбы:«Астана- ұлы дала елордасы».

Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми тұсау кесері өткізілді. Астана қиялға бай, шексіз сәулетті.

Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің патриотымыз.  Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.Биыл Астананың мерей тойы- 20 жылдық мерекесі.



1-3 слайд:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлаған,

Елімнің бар Президенті.

4-5 слайд: Ал енді  әріптестер  бүгінгі тақырыпқа  арналған  сөзжұмбақты шешейік.

  Сіздерге  орысша  сөздер  беріледі, сол сөздерді  қазақша аудармасын жазу керек.



 

1.Герб. ( Елтаңба)

2.Гимн. ( Әнұран)

3.Музей.(Мұражай)

4.Государство. ( Мемлекет)

5.Памятник. ( Ескерткіш)

6.Дворец. ( Сарай)

7.Столица. (Елорда)

8.Комплекс. ( Кешен)

Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.

Ол- «Астана-Бәйтерек» кешені. Ол өте биік, зәулім  және әдемі.

Слайд  6-8:  «Бәйтерек»  монументі – Астана символы.

 1 топ:“Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

 Астана қаласында демалатын орындар өте көп екен. Біз қандай демалыс орнына барамыз?

Слайд 9-10:  «Думан»   ойын – сауық кешені  суреттері көрсетіледі

2 топ: Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

Слайд 11-12: Бейбітшілік және келісім  сарайы

3 топ: Бейбітшілік және келісім  сарайы Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер.

Ал, әріптестер Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер?



13-25 слайд:Астананың әдемі кешендері

1 топ:


1.Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

2.Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.

Астанам саған табынам,

3.Аңсаймын, сағынам.

Таңдарың қандай жарқын,

Жандарың қандай алтын,

Бақытқа бастаған Астанам.

Биікте болсын байрағың!

4.Мақтаным, айбарым.

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнаған.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.

2топ:

1.Жайнай бер, жаңа Астанам,



Ертегідей  ғажап  бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз  ел көшін бастаған.

2.Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

3.Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Туған елдің көркі неткен ғажайып?!

Дала күйін шертейік, біз қала жырын жазайық.

Жерұйығы Сарыарқаның даласы

Арман қусаң Астанаға қарашы.

4.Бабалардың көзіңдей

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

3 топ:

1.Астанам

Астанамның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам

2.Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған,

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала Астанам!

3.Асқақтай бер, Астанам!

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.



Тренер: Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық.

 Жылы лебіз айтқан әр адамға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.

 Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады.

Слайд  26-27. Жылы лебіздер.

1.Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің!

2.Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын.

3.Көркейе бер Астана!

4.Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын!

5.Есіл өзенінің суы ортаймасын!

6.Өсіп өркендей берсің!

7.Астана-мемлекет дидары бол!

8.Жаса, Жаңа Астанам!

9.Астана- Еуразия контингенті жүрегі бол!

10. Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын

11.Тәуелсіздігіміз нығайсың!

12.Қазақстан жасасын! Қазақ елі  гүлденсің!

13.Шекарамыз берік болсын.!

14. Еліміз тыныш болсын!

15.Жастарымыз білімді болсын!



Жаса, жаңа жас қалам. Жайнай бер менің Астанам.

Қорытынды:Берілген сөздер арқылы кәсіподақтың ролін көрсету, беделін арттыру.

Берілген жасыл және қызыл шарларда жазылған сөздерді екі корзинаға бөліп салынды.

Корзинаға жасыл түсті шарлар жиналды::Астана қаласына саяхаттау кезінде жол пұлы,үш мезгіл тамақтану,жататын орын, экскурсиялар, жолдама 50% жеңілдікпен Шу-Астана-Бурабайға баруға болады.

Екінші корзинаға қызыл түсті шарлар жиналды: «Байтерек» монументі, Бейбітшілік және келісілім сарайы, мұражайлар,супермаркеттер, «Думан» ойын сауық кешені,цирк,теплоходтың бағасы жолдамаға кірмейді.



Рефлексия: Рухани жаңғыру аясында рамазан айында келген қонақтарға сый сияпат көрсеткем келді. Мен де қонақтарға сый сияпат дайындадым, сол сыйлығымды сіздерге тапсыруға рұхсат етіңіздер. Сый сияпатты алып,біздің қонақтарымыздан бүгінгі өтіп жатқан іс шарамызға кері байланыс беруін сұраймыз.

 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет