Мұхтар Әуезов «Абай жолы»


Оқырман «Абайды» қалай қабылдады?



бет6/11
Дата11.12.2021
өлшемі40,29 Kb.
#99101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абай жолының жазылуы туралы

Оқырман «Абайды» қалай қабылдады?

«Абай» романының бірінші кітабы оқырман қауымның қолына тие салысымен жазушыға үлкен атақ-даңқ әкелді. Абай мен Әуезовтің аты жұрттың аузынан түспеді. Сыншы Дандай Ысқақұлы: «1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, республиканың мәдени өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болды», – деп жазса, романды оқыған Бауыржан Момышұлы майданнан жіберген хатында: «Сені әдебиеттің полковнигі деп атаймын. Есейген Абайды білуші едім, бала Абайды білмеппін», – деді. Ал Мәлік Ғабдуллин: «Абайды» өзім оқып шыққаннан кейін жолдастарға беріп оқытып жатырмын. Жұрттың бәрі де романды зор табыс деп қуанышпен қарсы алды», – деп жазды 1942 жылдың қыркүйегіндегі хатында.

Бірақ «Абай» романын оқыған жанның бәрі қуанышпен қарсы алды десек, өтірік айтқан болар едік. Оны талқыға салып, қатал сын айтқандар да көп еді. Олар негізінен Абайдың «бай баласы» екенін тілге тиек етіп, «баяғы өткен тарихты қозғайтын романды» шығарудың не мәнісі бар екенін түсінбеді. Алғашқы талқылау туралы Әуезов сыншы Ілияс Омаровқа жазған хатында: «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір ғылым адамдары боп талқылап, танымақшы боп жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті. Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркімі әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Сол жиылыстың ең соңында күн бойы үндемей отырған Ғабит жиылысты басқарып отырған Сәбитке келіп, бір ауыз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» - деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырқау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді», – дейді. Расымен «Абай жолына» ең әділ бағаны берген де, талдап мақала жазған да Ғабит Мүсірепов еді. «Мұхтардың «Абайына» шын мағынасында сын айтуға мен де жүрексінемін. «Абай» романын неше рет қайталап оқысам, сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқамай кеткен тереңдік табам», – деп дер кезінде айтылған ең тұжырымды пікір де Ғабеңдікі болатын. Кейін, Әуезов дүниеден өткенде табытының басында тұрып, Ғабең «Өмір күнде мереке емес, ренжіткен жеріміз болса кешір», – деп кешірім сұрады деседі. Ә.Кекілбаев Ғабеңнің бұл әрекеті туралы: «Сол күні де, содан кейін де Мұхтар Әуезовтің аруағының алдында Мүсіреповтен басқа ешкім әлгіндей сөз айтқан емес. Ғабит басқалардан айыбы көп болғандықтан емес, ақылы көбірек болғандықтан кешірім сұраған шығар», – деп жазды. Ал біздіңше, Ғабеңнің сол бір қысылтаяң кезде «Абай жолына» берген бағасы заңғар жазушының алдында қандай айыбы болса да жуып-шайып кеткен секілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет