Мұхтар Әуезов «Абай жолы»


«Абай жолын» әлем қалай бағалады?



бет10/11
Дата11.12.2021
өлшемі40,29 Kb.
#99101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абай жолының жазылуы туралы

«Абай жолын» әлем қалай бағалады?

Тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрып жазып шыққан, жала, айыптаулардың небір түрін естіген Әуезов 1949 жылдың сәуірінде «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алады. Бұл Әуезовті қазақ елінің ғана емес, бүкіл Кеңес үкіметінің бағалауы еді. Кітап алдымен орысшаға, кейін әлемнің көптеген тілдеріне аударыла бастады. Орыс жазушысы, «Абайдың» аудармашысы Леонид Соболев: «Мұхтар Әуезовтің «Абайы» – бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қотарған, тұрмыстық адамдар арасындағы құштарлықтың, махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және ең бастысы, есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап. Бұл романды мен соншалық рахаттанып аудардым», – деген болатын.

Былайғы жұрт енді Абай мен Әуезов атын қатар атайтын болды. Әуезов әлемге Абайды таныту арқылы өзін де танытты. Өмірінің соңғы жылдарында шетте шипажайда жатқанында Әуезовтің сыртынан «Абай, Абай ғой» деп көрсететін көрінеді. Бұл туралы жазушы жұбайы Валентинаға: «В санатории «Абай», видимо популярен», – деп жазатын көрінеді. Сөйткен Абайына Әуезов өмірінің соңына дейін адалдық танытты. Ақын мұрасын жинақтап, ол туралы жазғаны өз алдына, артында қалған ұрпақтарына дейін үйіне жинап, қолынан келген көмегін беріп, әрқайсына стипендияға дейін таратты. Ал ол жазған «Абай жолы» – күні бүгінге дейін қазақ тарихындағы теңдессіз көркем туынды.

Сөз соңын неміс жазушысы Альфред Курелланың: «Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі!» – деген пікірімен аяқтағым келеді.

Ал сіз ше? «Абай жолын» оқыдыңыз ба?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет