Мұхтар Әуезов «Абай жолы»


«Абай жолына» қандай өзгерістер енгізілді?



бет8/11
Дата11.12.2021
өлшемі40,29 Kb.
#99101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абай жолының жазылуы туралы

«Абай жолына» қандай өзгерістер енгізілді?

«Абай жолы» эпопеясы – қазақ қоғамының жарты ғасырлық тұрмысын, әлеуметтік жағдайын дәл бейнелейтін туынды. Мұндағы романның кейіпкерлері, барлық рулар, жетекші кісілер, тіпті жер-су атауларына дейін өз аттарымен берілген. Эпопеяда 953 кейіпкер бар, оның 91-і Абай өмірбаянынан алынған. Зәки Ахметов «Абай жолы» қалай туған?» мақаласында: «Эпопеяда Абайдың өзін былай қойғанда, Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы, Тоғжан, Әйгерім, Ұлжан, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, Майбасар секілді сол дәуірде, сол ортада өмір сүрген прототипі бар кейіпкерлер мейілінше, мол. Солармен қатар Дәрмен, Дәркембай, Иса, Иіс, Сейіт, Салтанат секілді түгелдей дерлік ойдан шығарылған кейіпкерлер де аз емес. Және оларды осылай екі топқа тек шартты түрде бөлуге болады. Өйткені, олардың арасынан жарылып айырылғандай пышақ кесті жік табу қиын», – дейді.

Яғни, көркем шығарма болғаннан кейін мұнда ойдан құралған кейіпкерлер де болған. Шәкәрімді Керім образында көрсеткен жазушы аяқ астынан Дәрмен секілді дайын кейіпкерді әкеліп, оны Шұбардан оздырады. Мұндай қадамдарға Әуезов амалсыздан барады. Өйткені, 1953 жылы «Казахстанская правда» газетінде «буржуазияшыл роман» деп «Абай жолын» айыптаған үлкен мақала жарық көреді. Онда Абайдың Меккеге бара жатқанда әкесіне жол көрсетуі, Құнанбай, Ділдә бейнесі сынға алынады. Нәтижесінде жазушы Құнанбайды қатыгез, қатал, Абайға қарсы адам ретінде суреттелді. Ал Ділдә «Абай жолының» алғашқы нұсқасында Абайдың сүйікті әйелі ретінде берілсе, кейін «байдың қызы» болғаны үшін жағымсыз рөлге ауыстырылып, «кедейдің қызы» Әйгерім алдыңғы орынға шығады. Бұл өзгертудің енгізілуіне жазушы Әлжаппар Әбішевтің «Абайдың махаббаты кедейдің қызы Әйгерім болуы керек. Оны шын сүйіп үйленген жары етіп жазса, Абайдың демократтығы ашылады», – деген сыны себеп болған. Осындай өзгертулерден кейін жазушы кітабының ары қарай жариялануына жол ашқанмен, енді ел ақсақалдарының сынына қалады. Құнанбайдың шын бейнесін білетін ақсақалдар арасында Әуезовке өкпелеп, қатты сөз айтқандары да аз болмапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет