Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет115/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
234 
Абай мен Ұлжан таң аппақ атқанша үн қатқан жоқ. Зеренің дана жүзіне 
мүлгіп, жүдеп, қадалып отырды. Екеуі де жаңа ғана қастарынан ғайып болған 
ана туралы өз шерімен, өз ойларымен болып, бар дүниені ұмытқан сияқты. 
Абайдың өзі ес білгелі шын жақын жанның өлімін көргені осы. Кәрі 
анасының қазіргі жүзі көкшіл сұрғылт тартса да, біртүрлі бір зор тыныштыққа 
жеткен тәрізді. Өлім емес, қиналу емес. Қайта көптен кексеген арманына 
жеткендей. Соншалық ырза және мейір шафқат нұрын тапқандай. 
Күн шыға бергенде, барлық ауыл хабарланып, бала атаулыға шейін тегіс 
жиналып келген еді. Немерелері мен келін-кепшік үнсіз жыласты. Көрші-қолаң, 
малшы атаулы да шын күйініп, ауыр-ауыр күрсінді. 
Осы таңертеңде Қарашоқыдағы, Шыңғыстағы көп туысқан да көп жетті. 
Алдымен келген Құнанбай, Күнкелер болатын. Қалған Ырғызбай да осы күні 
Түске шейін түгел келді. 
Бұл өлімді барлық жұрт тегіс ауыр алғанмен, жыласқан жоқ. Үндемей күтті. 
Келесі күн жаназасы болғанда әнеугі елу кедей көршілер де тегіс келген екен. 
Көп қауым боп, түгел ардақтап қойды. 
Құнанбай мен Күнкелер Зеренің жетісіне шейін Жидебайда қалды. 
Әжесінің артын күткен кезде мұншалық көп қара құрықтың болғанын Абай 
өзі ұнатпаған. Бұ күнде ешкіммен сөйлескісі де келген жоқ. Зерені қойып 
қайтқан күні кешке, әжесінің төсегіне отырып алып, кұран аударуға кірісті. 
Анасының әруағына арнайтын дағдылы «Құран хатымды» молдаға оқытпай, өзі 
оқитын болды. 
Бір жұма бойы сол құранды екі аударып шықты. Осы күндерде ас үстіндегі 
бір әредікте Құнанбай Абайға: 
- Жай аударады екенсің! - деп еді. Абай жауап айтқан жоқ. Құнанбай 
мұндайда үш-төрт аударып тастайтын, сыдыртқыш молдаларды есіне алып 
айтқан. Абай болса, ішкі себебін айтқан жоқ. Ол да жылдам оқи білуші еді. 
Абай анасына сауап болсын деп, құранды өзгеше ықласпен, асықпай, 
соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды. Құранның кейбір парасының үстінде 
ұзақ отырып қап, жалғыз, жасырын ойлар да ойлайды. 
Онысы - әжесінің адамшылық, аналық қасиеттерін жоқтау еді. Өз ішіндегі 
адал алғысын бағыштау да дұғалық, тілек есепті көрінетін. 
Осы жеті күн ішінде, үй оңаша қалған бір шақта Абай Ұлжанның бір сөзін 
үлкен ықласпен тыңдады: 
Шешесі көзіне жас алып отырып, өз-өзінен: 
- Анаң, ана-ақ еді-ау жарықтық! Осы кісінің өсиеті, тәрбиесі болмаса, мен 
де бір түйіліп қалған қу түйіндей үндемес қатыбас болар ем. Сен екеумізде 
қарызы бар еді. Тым құрса аруағы ырза болсын. Артын жақсы күтейік! – деді. 
Абай өз шешесінің де қартайып қалғанын байқады. Мұның да мейірімді 
жүзінде ой ауырлап, уайым қалыңдапты. Айтқан сөзін құп алды да, үндеместен 
бас иді. 
Зеренің жетісі толып, құран хатым болған соң, Құнанбайлар қайтып кетті. 
Аз уақытта, жылдағы дағды бойынша, жұрт жайлауға көшті. Абай әжесінің 
кырқына шейін, тысқа шықса, ертелі-кеш анасын жоқтап, зар өлеңдер айтады. 
Тау басына шығып, даланы кезіп жүрсе де, анасына бағышталған мұңды 
ойлардың қасірет жырлары орала береді. 


 
235 
Әсіресе Шыңғыс асып, көп елдің күйін көргенде, біртүрлі жат, жаңа дерт 
тапты. Байқаса, бұрынғы қыруар елдер кішірейіп, бір-ақ уыс болып қалған. 
Өлкеге сыймайтын малдың орнына оқта-текте көрінетін, шашылып жатқан 
бесті-онды ғана қара бар. Малы аз болған соң, талай ауылдар бірігіп кетіпті. 
Шыңғыс сыртының ен қоныстары, мол адырлары, иен жайлаулары кебінше 
қаңырап тұр. Сонымен қатар ел ішінде күңірену кеп. Жоқ-жітік, қайыршы 
көбейіпті. Абайдың өз анасы өлгенде, ел ана да төсек тартып, дертке 
шалдыққан сияқты. 
Осыны көріп, ойланған сайын Абай өзгеше бір айықпас зарға батты. 
Қаралы көңіл ашылмастай боп екі иығынан басып алды. Үстіне киген киімге, 
мінер атқа, ішетін асқа да бейілі жоқ. 
Көп адаммен тіл де қатпай, үнсіз боп барады. Бірақ, енді өз анасы Зерені 
ойлаумен бірге, халық деген ананы қатар ойлап кетеді. Әрберден соң екі шер 
бір қосылып, бір жырға, бір зарға айналды. 
Абай әжесінің қырқына жетті. Жайлаудағы көп ел жиылып, Зерені соңғы 
рет естеріне алды. 
Ұлжан Абайдың осы уақытқа шейін аса бір қатты ойға түсіп, азып кеткенін 
байқап жүрген. Әженің қырқын беріп, жұртты таратқан соң, баласын оңаша 
алып отырды да: 
- Сен осы бір қалың шыңға батып кеттің-ау! Жүдеп кеткеніңді 
байқаймысың? Жас адам уайым соңына өйтіп сарылса, пайда таппайды. Енді 
тоқтал. Бойыңды жи. Ерболды шақыртып ал да, атқа мін, ел қыдыр. Сергіп 
қайтшы! - деді. 
Ербол Абайға келгенде Асылбектің бір сәлемін ала келді. Бірталайдан бергі 
сыйластық бойынша, Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты. 
- Шешесі қайтыс болғалы үйден шықпады ғой. Біздің ауылға келіп, қонақ 
болып қайтсын! - депті. Сонымен екі жігіт Сүйіндік ауылына сый қонақ боп 
келді. 
Баяғы Жәнібекте, сол белгілі әдемі көк өзекте отырған ауылға Абайлар 
жақындап келгенде, үй сыртына бұларды қарсы алып Асылбек, Әділбек шықты. 
Қастарында Дәркембай бар екен. Қонақ жігіттер әуелі Сүйіндіктің үлкен үйіне 
кіріп, сондағы кәрілерге сәлем берді. 
Бәйбішесі мен Сүйіндік осыдан он шақты күн бұрын, Зереге бата оқып 
қайтқан. Қазірде Ұлжанның денсаулығын сұрастырып, аз сөйлесіп, амандық 
білісті. Содан кейім: «Жастар кең отырсын, еркін сауық етсін» деп, Асылбектің 
отауын әзірлетуге бұйрық берісті. 
Отау онсыз да әзір еді. Абайлар сонда келді. Тыста да, отауда да Абайды 
көрген үлкен-кіші жылы сөйлейді. Сыйлағысы келгендей. Соның бірі 
Асылбектің келіншегі Қарашаш. Үлкен жағынан, әсіресе, сондай жарқын 
жүзбен қарайтын Дәркембай. Ол Зеренің аруағынан айналып, Ұлжанды мақтап, 
Абайдың кішкене балаларының аттарын атап, амандықтарын сұрап, оралып 
жүр. Жазғытурғы жұттан бері Абайды аса жақсы білген Борсақ, Бөкенші бұл 
ауылда бірталай адам екен. Бәрі де Жидебай, Мұсақұлдың қонағы боп өткендер. 
Бәрінін де қазіргі ажарында ырзалық пен алғыс, құрмет бар. Борсақтын бір 
шалы: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет