Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет123/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
250 
келді. Ол үй Абылғазының отауы болатын. Аттылардың біреуі сонда қалды да, 
екіншісі бері жүрді. 
Базаралы ең әуелі Аққұйрық атты таныды. Балағаздың жалғыз аты. Белгілі 
жүйрік Аққұйрық ат, бүгін бір суыт жүріс көрген сияқты. Ширыға тусіп, 
сумаңдап келеді екен. Әуелде Базаралы: «Бұлар бозбалалық қылып жүр екен-
ау» деді. 
Бірақ өзі орнынан қозғалмай, бой көрсетпей отырып, байқаса олай емес. 
Балағаз сойыл сүйретіп келеді. Базаралының жүрегі түршігіп кетті. Өңі сұп-сұр 
боп, қадала қалды. Енді көгалға жантайып жатық, білінбей бақыламақ болды. 
Дәл ауылға тақай бергенде, Балағаз Аққұйрықтың басын тартып, ақырын 
ғана ілбіп келді, тіпті жақындаған кезде атынан түсіп, жаяу жетектеп ап» ең 
әуелі қолындағы сойылын өз отауының белдеуіне шанышты. Күндегі тұратын 
орны сол болатын. 
Осыдан кейін Аққұйрықты жетектеп алып, ауыл қасындағы бір жықпыл 
жартастың арасына қарай тартты. Базаралы байқап отыр. Аққұйрық қан сорпа 
боп келген сияқты. Мезгілсіз жүрген жігіт, өз жүрісін өз аулынан да жасырмақ 
көрінеді. 
Аздан соң атын тас арасына бекітіп тастап, жалғыз қайтып кеп, үйіне кірді. 
Базаралы ел тұрғанша ұйқтаған жоқ. 
Қараша аулының сыртында да қиын тастар бар болатын. Соған апарып 
бекіткен Абылғазының атын да көріп қайтты. Енді Базаралыда тақат жоқ. Іші 
толған ызалы, долы ашу. Үй ішіне үн қатпай, сұрлана береді. Анда-санда 
дірілдей түсіп, қиналып қалады. 
Түс ауғанша, бірдеңені тосқандай болатын. Ойлағандай, түс қия берген 
кезде, көрші ауылдан қайтқан Қаумен тағы бір хабар әкелді. Өткен түнде Ырсай 
жылқысы алыныпты. 
Осы хабарды Базаралы есіткен кезде, Балағаз да ауыр ұйқыдан тұрып, 
тысқа шығып жүр екен. Базаралы беліне белдігін буынып, бір жаққа баратын 
кісі сияқты әзірленіп алды да, әкесіне келді. 
- Сөйлесетін жай бар еді. Тысқа шығайықшы! - деп, әкесін ертіп шығып, 
дөн басына қарай бастады. Жолшыбай өзі дауыстап Балағазды да шақырды. 
Ұзын бойлы, қапсағай денелі, қарасұр жігіт Балағаз да келді. 
Аздан соң Базаралы қабағын түйіп ап, әкесіне суық қарады. Әрқашан 
нұрланып тұратын қызғылт жүзі ап-пақ сұр болып, қанын ішіне тартып апты. 
Үлкен өткір көздері қанталап, қызарып кетіпті. Демі дірілдеп, даусы қатты 
шықты. 
- Әке, жыртық лашықтың да шүкірі бар. Қара-қасқа кедей болсам да, қара 
ниет болмаспын деуші ең. Жамандық сенің жатың. Қасиетің сол еді. Сен 
қартайған шағыңда бізді қара басайын деді ме?.. - деп, үні бұзылып, тоқырап 
қалды. 
- Не дейді? Мына шіркін не деп отыр?! - деп, Қаумен үркіп қалып, 
Балағазға қарады. Балағазда үн жоқ. Базаралы іле жөнеліп: 
- Оған қарама, маған қара! Менен сұра!.. Әнеугүнгі Майбасар жылқысы 
мен өткен түнде алынған Ырсай жылқысының ұрысы табылды. Ұрысы - тап 
мынау отырған сенің ұлың Балағаз, - деді. Қаумен шошып кетті. 
- Не дейді?.. Не дейсің? 


 
251 
- Солай... сүйдеймін. Кәне, танып көрші! - деп, Базаралы енді ағасына 
қадалды. Балағаз да ашулы еді. Қорқак емес-ті. Мынау жерде қысылса да, 
есінен айырылған жоқ. 
- Айт! Не көрдің, не білдің? Не деп ширығып отырсың? Жөніңді айтшы! 
- Таңертең Абылғазы екеуің ұрланып келгенде, мен тыста отырғам. 
Аттарың анау тастарда қазір осы шаққа шейін суып тұр. Өлсең де, шыныңмен 
өлші, тым құрмаса... Ұрладың ғой. Танба! Еркек болсаң, шыныңды айтшы! - 
дегенде, Балағаз жалтарған жоқ. 
- Рас... Айтқаның рас! - дей берді. 
Қаумен өмірде естімеген сұмдығын көргендей, сескеніп кетіп: 
- Балағаз, құдай төбеңнен ұрсын! Уа, кұдай төбеңнен ұрсын, Балағаз!.. - 
деп, зарлай берді. 
Қарсысында отырған ағасына Базаралы қатты жирене қарап қап, бір сәт 
қалшылдап қайнап кетті де, үн қатпастан тап берді. Қауменнің екі ұлы да 
арыстай үлкен, қабыландай қайратты болатын. Екеуінің қол-аяқтары, емен 
шоқпарлармен қағысқандай сатыр-сұтыр тиісті. Балағаз асығыста орнынан тұра 
алмай қалып еді. Бірак, лезде ашу шақырып, айла тауып, Базаралыны аяқтан 
қағып қалды. Інісі сүріне бергенде, сол бейімдеген жағына қарай қойып жіберіп 
құлатардай боп еді. Бірақ бұдан кері айлаға басымырақ келген Базаралы майыса 
беріп, жалт бұрылды. Шапшаңдығы шалқыған жалындай боп, лап беріп кеп, 
Балағазды бас салды. Жыға сала, сол қолымен кеңірдектен буындырып жатып, 
оң қолын қынына сермеп, өткір сап пышақты жарқ еткізіп жұлып алды... 
Тізерлеп жатып, даусы шықпай, қырылдап тұрып: 
- Бауыздаймын! Ағам болмақ түгіл, әкем бол!.. Жоқ қыламын! - деп, сар 
пышақты Балағаздың кеңірдегіне тақап қалды. Жалғыз-ақ Балағаздың тыпыры 
мен сермелген қолдары ғана бөгеп жатыр. 
Ағасынан Базаралының күші басымдап кетті. Сығымдап тұрып жеңіп ап, 
енді бауыздарманға келіп еді. Сол уакытта мұның оң қолына әкесінің қос қолы 
кеп жабысып қапты. 
- Тоқтат! Ой, кет, ит! Не болды, екі ит?! Тұр былай! - деп кеп, Қаумен 
Базаралыны сүйреп алды. 
Балағаз інісінің шеңгелінен босап, басын көтере берді. Бірақ енді алысуды 
ойлаған кісі емес. Ес жиып, басқаша күш тапқандай. Базаралыға кінәлай қарады 
да: 
- Ой шіркін! Ит те болсаң, ұяласымсың. Кіші басыңмен кеудеме 
шыққаныңды не дейін! Қиналсам да сол ұяластығыңды қиям ба? Білген ақылың 
со ма? - деп, соңғы сөзін зекіп, ақырып айтты. 
Базаралыда үн жоқ. Түйіліп отырып қапты. Балағаз енді түзеліп ап, 
сатырлатып сөйлеп, сурыла жөнелді. 
- Сен сұрадың, іріккенім жоқ! Сырымды аштым! Тансам, қайтіп мойныма 
салар едің? Ұрыға мал аз ба? Мына тұрған Керейді торып келдім десем не дер 
едің. Құнанбай түгіл, кұдай болсын, із-тозын тауып көрсінші кәне! 
Танытпайтын, таптырмайтын қып істедім. Бірақ осы істегенім ұрлық па? 
Сұрасаңшы, білсеңші! Басым үшін істеп отырмын ба? Ауқымым үшін істеп 
отырмын. Арамға жерік боп істеп отырғам жоқ. Жиреніп істейім. Бірақ 
істегенім істеген. Мен - жоқпын, ол - бар. Менің жоқтығым оған барлық боп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет