Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет132/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
268 
Балағаздарға барды салып, кәр төккен себептері сондайдан туған. Ел жүрегін 
шайлықтырам, түңілтем дейді. 
Бір жағын жаза, бір жағын кінәға сүйеп отырып, үркітіп тыям дейді. 
Бірақ осы сырды Құнанбай өз ойында құпия сақтағанмен, ел ішінде 
сезгендер де болды. 
Көпшілік Балағаздарға істелген қаттылықты қостаған да, ақтаған да жоқ. 
Айдатып, байлату сұмдық деп білген. Арада дел-салда қалған Байсал, Сүйіндік 
сияқтылар бар. Бұлар өз малдары алынып, қаза көргендер. Сондықтан 
Балағаздардың тентектігін сол өз нысанасынан бағалады. Көпке де бой ұрмады. 
Болыстар ісін іштерінен ақтауға да бата алмады. Белге соққандай болатын. 
Құнанбайдың бұл күндерде астыртын құлақ салып қатты баққаны Жігітек 
іші, әсіресе Байдалы. 
Қалың Жігітек айқын наразылыққа беттеді. Болыс тұтқындарды қалаға 
жөнелтті деген соң. Байдалы да бетін ашты. Өкініп, қатты қиналып отырып, 
ашу айтты: 
- Ұялар, ойланар шағы жоқ екен ғой Құнанбайдың! Өз қолымен, ағайын 
ауқымымен жазаласа, ара түсер кісі бар ма еді. Елге, жұртқа не дейді? 
Қасқырша өз күшігін өзі жегені ғой. Жігітектің ендігі жасына да жендет боп 
шықты ғой тағы! - деген. 
Есітсе есітсін деп айтты. Бір емес, бірнеше рет айтқан. Құнанбай осы күйді 
біле сала, баспақ болды. Енді алдыңғыдан да үлкен зәр жұмсап, сонымен баспақ. 
- Жігітек ұрлыққа жерік боп, ұрыға серік болайын деген екен. Ендеше 
қашқындарға мүйізі сырқырайтынның бәрі жаза шексін! - деп, Тәкежанға жорға 
Жұмабайдан сәлем айтып жіберді. 
Тәкежан, Майбасарлар сол сәлемнен соң Жігітек ішінен он жігіт емес, отыз 
кісі тізді. Қараша, Қаумен, Үркімбай, Қарақан бар. Анау жолда малдарын айдап 
қайтқанның бәрін тіркепті. 
Ол ғана емес. Бұл екеуі Базаралыны да көзеп берді. Өзара ақылдасқанда 
Майбасар: 
- Поштаның таланғанын ойлаймысың? Есіңе алшы! Пошта жүргізілетін 
күні Базаралы келіп, барды біліп кеткені кәне! Сол жолы өз еліне бара сала, 
Әділханды аттандырған да сол. Көзбе-көз айтып кеткен қияс сөзі әлі есімнен 
кеткен жоқ! Осы бәленің тап ортасында жүрген Базаралының дәл өзі. Оның 
сырты момын, іші қу! - деген. 
Тәкежан өзінің де Базаралыдан әлденеше рет көрген тізесін еске алды. 
Сөйлетпей, тапап кеткендей боп жүретін омырауы бар. Балағаз айдалып 
кетсе, ертең артынан жоқшы боп шығып, бүлік шығаратын да сол. Сондықтан 
Майбасарды құптап: 
- Ақылыңыз көкейіме әбден қонады. Қадағанда нағыз қатты қадайтын сол! 
- деп, Базаралыны бірге көрсетті. 
«Жігітектен отыз кісі хатқа тізіліпті!» деген хабарды есіткенде, Байдалы өз 
аулына Базаралыны шақыртып алды. Екеуі оңаша отырып, көп сөйлесті. 
Байдалы көптен бері ішке жиып жүрген бір ойын ашты. 
- Бала күнімнен бері қарай, ылғи ғана қапылықтан шеккен өкінішті білем. 
Құнанбайдың өртіне түскенде, ұдайы опық жеумен түспедім бе? Бүгін міне 
тағы сол баяғы сорым ғой. Жаз бойы Құнанбай ұры атандырды деп, өзіміз де 


 
269 
Балағаздарды ұры, қары санап, қоса қуып келмедік пе? Бүгін ойлап, болжасам, 
сорлылар ұрлық емес, өжеттік бастап жүр екен ғой. Ежелгі бір кеселге кекесін 
көрсеткен екен. Аш-арықтың ішінең бұларды қарғаған бір жан көрдің бе? Ұры 
демеймін! Өктеп шыққан өз тәнім, өз баурым деймін! Бүгін соны Құнанбайдың 
мынау ісі біржолата танытып отыр. Қаумен, Үркімбайға шейін көрсетіпті. Тағы 
кім бар? Кімді аман қойды дейсің? Елдіктен кеттік пе? Тағы да кетіскеніміз бе? 
Жоқ, жарым жолдан қайтара ма? Тәкежан, Майбасардың шалалығын өзі де 
қостай ма? Не дейді? Жігітек сәлемі осы! Сен қазір атқа мін де, Құнанбайға 
барып кел. Тілің жетеді. Кеудеңдегі отың да жетеді. Істегенім істеген дейтін 
болса, аянба! Барды айтып кел! - деді. 
Байдалының бар мінез, бар сөзін мақұл көріп, Базаралы атқа мінді. Бірақ 
әуелі Қарашоқыға бармай, Мұсақұлға қарай тартты. Өйткені Жігітектен 
көрсетілген отыз кісінің кім-кім екенін бұл жақ әлі білмейтін. Жалғыз ғана 
Қаумен, Үркімбайлар барын еміс естіген. 
Жолшыбай Базаралы болыс кеңсесіне барам деген ниетін өзгертіп, 
Жидебайға соқты. 
Абай үйде екен. Кешелер, Тәкежан мен Майбасардың жаңа желіктерін 
есітіп: 
- Жаман бақсының жын шақырғанындай тантырап, жұрт берекесін кетірді-
ау мыналар! - деп, кеп қынжылған-ды. 
Бүгін Ерболды Мұсақұлға жіберген. Тізімде кімдер барын білмек. 
Базаралы жаңа келіп, өзі жүрген жайларын айтып отырғанда, Ербол қайтып 
келді. Қап-қара боп түтігіп, ренішпен келді. Бірақ Абай жөн сұрағанда іркіліп, 
бөгеліп қалды. Базаралыдан қымсынады, көрініп тұр. Абай салмақ салып: 
- Есіткен-білгеніңнің бәрін айт, несін іркесің? - деген. Содан соң ғана 
шешіліп: 
- Мына Тәкежан, Майбасар ма!.. Құртар бұл елді, өртемей тынбас, - деп 
алып, тізімде бар кісілерді санай бастады. Ұрлыққа, ұрыға өмірбойы шиыры 
қосылып көрмеген талай кәрілер мен жастар бар екен. 
Абайға бәрінен сұмдық көрінгені Базаралы жайы. 
- Не дейді?! Не көкиді мынау әңгі соқырлар?.. - деп, қатты ашуланды. 
Базаралының өз жайын есітіп отырғаны осы болатын. Кейіс, реніштен түк 
белгі берген жоқ. Қайта сақ-сақ күлді. Абай мен Ербол таңқалып, мұның түсіне 
қарасқанда, көкшіл тартып сұрланған ыза көрді. 
- Бір өкінішті Байдалыдан есітіп ем бүгін. Ендігі өкініш өзіме кепті. 
Тобынан жырылып жалғыз жорытқан кек қасқырдай менікі не әуре десеңші? 
Тәкежандар ұры атандырмасын деп, бұққан боппын. Балағаздар ұры емес... 
бұзық емес еді, Абай. Бар қылықтарын есітіп біліп жүрсіңдер. Жұртқа мәлім 
сүмелек ұры ма еді солар? Айтыңдаршы... - деп, Абайға қарады. 
- Ұры емес. - Бұзық емес. Айтқаның рас! - деп, Абай мен Ербол қатар 
қостады. 
- Ендеше солардың тобында болмай, кеткенде бірге кетпей, мен не 
сандалып жүрдім... - деп, Базаралы тоқырап қалды. 
Ерболдың да өз өкініші бар. Бүгін Тәкежандардың түрін көріп, жол бойы 
осыны ойлап келген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет