Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет129/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
262 
Жаңа болыс қалаға да барып қайтқан. Ол жерде Құнанбай сәлемі бойынша 
Тінібек бай жетекшісі болды. Семей уезінің ұлығы Тінібекпен ашына сыйлас 
екен. 
Сондай іліктер арқылы, Тәкежан алғаш барған жолының өзінде де бірталай 
істің басын қайырып келді. Сайлаушы төреге Құнанбай ұғындырып жіберген 
жайлар бар-ды. Соның үлкені Балағаз, Абылғазылар ісі болатын. 
Ұлық болысымен, ең алдымен әмірін елге танытпақ болған Тәкежан, бар 
күшін Балағаздарға салыпты. Қаладан Тәкежан қайтқан орайда, Семей уезінің 
жаңа пайда болған оязы, Шынғыс ішіне бес кісілік қарулы топ шығарыпты. 
Тәкежан өзі болыс болысымен бір атшабарға Жұмағұлды алған. Екіншісі жас 
жігіт - Қарпық. 
Солдаттарды бастап келген Жұмағұл ел құлақтанбасын деп, болыс 
кеңсесіне түн ішінде әкеліпті. Тәкежан мен Майбасар осы түнде он шақты 
жігітті отрядқа қосып, Жігітек ішіне аттандырды. 
Бұрын оқта-текте болмаса, Тобықты іші қарулы жасауылды көп көрген 
жоқ-ты. Ауылдардың үстінен көк темірлі, көп аттылар өткенде, бала-шаға, кәрі-
жас қатты түршікті. 
Қуғыншы отряд Балағаз бен Абылғазының тобына Шыңғыс тауының 
ішінде оңай кездесті. Оқыс айқасып қалған. Ұзақ қуғын болды. Бірақ қаладан 
көп шықпаған, ел жайын, жер жайын жақсы білмейтін солдаттар бұл куғында 
шорқақтық істеді. Тау ішінде шаба алмай, ерлерінің касынан ұстап, бос өбектеп, 
кейіндей берген. Өздері және оба атаулыныц барлығын құбыжық санайды. 
Ұзын дүрбілерін қайта-қайта суырып ап, тесіле қарап, күнұзын тұрып алады. 
Қашқандардың қарасын таныған Төлепберді, мына бөгелістерге жаман күйетін. 
«Осының, дәл осы бір кеңірдектей немесін құртар ма еді? Сойылмен перейін бе 
осы кеп!» деп, тісін қайрайды. Бірақ амалы жоқ. Сүйтіп, отряд шабан болды. 
Соны байқаған Балағаз, біраздан соң атын тежеп, артын болжаған. 
Қуғынның алдында өктеп жүрген Ырғызбай жігіттері екен. Төлепберді мен 
соның інісі Елеусіз және Жұмағұл көрінді. Қашқын жігіттер қолға 
түспейтіндерін ұққан болатын. 
Абылғазы мен Балағаз екеуі өз жолдастарын Шыңғыстың бір тарлау 
өзегіне салып, жөнелтіп жіберіп, қастарына жалғыз Әділханды алып, бір 
тұмсықтан тосып қалды. 
Жау алыста деп еркін шауып келе жатқан Төлепберділер үздік-создық келе 
жатқан. Балағаз қуғыншының алдындағы Жұмағұл мен Елеусізді ілгері өткізе 
беріп, тиіп кеп кетті. Екі жігітке қарсы бұлар үшеу боп араласқан. Қайың сойыл, 
қара шоқпарлар екі-үш рет айқұш-ұйқыш тиісті. Әрі мықты, әрі айлакер 
Балағаздар Жұмағұл мен Елеусізді мегдетіп кетті. Ес жиып, айғай салуға да 
мұрша бермеді. Балағаздың өзі мен Абылғазы ана екеуінің сойылдарын 
ұшырып-ұшырып жіберіп, бір-бір-ақ салып ұрып жықты. 
Екеуінің астындағы аттарын да іліп алып, тартып кетті. 
Қуғыншының алдын оп-оңай ұйпап алып кеткен жауларға отряд енді 
беттей алмай қалды. Барлық топ ұйлығып тұрып-тұрып, сол арадан кейін 
қайтты. 
Бірақ тек қайтпады. Қашқындар атшабардың басын жарып, атын алып 
кеткендіктен, қайта жүрген сапарда бұл отряд момын елді шапты. 


 
263 
Жігітек ішіне келіп бейбіт отырған Қараша, Қаумен ауылдарының ірі 
қараларын қуып кетті. Жалғыз бұл ауылдар емес, көршілес Үркімбай, 
Қарақандардан да мал алды. Әр үйдің бір-бір бұтартарын, жапа-жалғыз 
сауындарын қуып кетті. Бұндай істер де бұл күнге шейін болып көрген еместі. 
Не көрсе, айыпкердің өзі көрегін. «Қолы еткеннің мойны көтереді» десетін. 
Тәкежан жаңа сұмдық бастап, кемпір-шал мен қызыл қарын жас баланың 
талшығына да шеңгел салды. 
Кешке шейін осы хабарды тегіс естіген Жігітек ауылдары үрпиісіп қалды. 
«Заман не боп барады? Күн райы қалай бұзылды? Ит ашуын тырнадан алғаны 
ма» деп тіксінді. Сыбайлас Көтібақ, Бөкенші де мынау қимылдарды ұнатпады. 
Әсіресе, батқаны - жазықсыз Қауменнің жаза шеккені. Бұның Балағаздан безіп 
шыққанын жұрттың бәрі есіткен. Ал Үркімбай, Қарақандар болса, тіпті 
жазықсыз. 
Кімнен көрерін, не деп көрерін білмесе де, қалың ел: «Тағы бір бәле 
түйілді» деп, күңкілдеп қалысты. 
Болыстың кеңсесін Тәкежан Мұсақұлға әкеп, өз қыстауына құрған-ды. 
Айналасында тілмаш, старшын, атшабарлармен бірге, Майбасар, Жақып сияқты 
ақылшылары көп. Топыры мол. Бұл жиын Балағаздың қылығына кіжіне түсіп, 
Жігітек ішіне істеп отырғандарын орынды сыбаға деп білді. 
Осыдан үш күн өткен соң отряд қайтып кетті. Бұлар кешелер тағы шығып, 
іздеп көрсе де Балағаздарды кездестіре алмаған. 
Тегінде жұртты сескендіріп, қашқындардың жүрегін шайлықтыру үшін 
шығарылған отряд еді. 
Жаңа ұлықтың қоқан-лоқысы істелді. Енді қайтқанына болыс та қарсы 
болмаған. Оларды жөнелтіп жіберіп, қазірде «піргауар» жиып, қағаздарын 
мығымдап қалаға шағым жолдағалы жатыр. 
Тәкежанның әскер әкелгенінен Абай жиренген болатын. Қалың елді 
өрекпіткен сотқар қылықтарын Жидебайға келуші жұрттан есітіп, Абай атқа 
мінген-ді. 
Масақұлға келсе, Базаралы да сонда екен. Ол Абай көзінше Тәкежанға 
салмақ салды. 
- Алыссаң, тентек деп бізбен алыс. Онсыз да титығына жетіп отырған 
момында нең бар? Қатын-баламызды аштан қырам демесең, алғаныңды қайтар! 
Жалғыз-жарым сауын мен тірлігі осы сен әкеткен азғана қарада тұр. 
Жайымызды ұқ, ағайын... - деп еді. Тәкежан оң сөйлеспей ашуға басты: «Әлі 
түк көрген жоқсың. Балағаз, Абылғазыны ұстамай басылмаймын. Елге әрекет 
салып отырған мен емес. Солар!» - деген. 
Базаралы ыза болды. 
- Ендеше, Балағаз ұсталғанша тамам елді көгендеп, тізем десеңші. 
Тәкежан бұған қарсы дүрсе қоя берді. 
- Әлі сен қайдан ара ағайын боп шықтың? Өзіңді би ететін кім осы? Балағаз 
үшін айыпкер етпей, кепіл етпей отырғанымды неге ағайындық деп білмейсің? 
Шынға келсең, мен айтайын, Балағаз тыйылмайтын болса, ендігі отқа сен 
күйесің. Құтылмайсың! 
Бұл зілінен Базаралы қорыққан жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет