Ми қан айналымының жіті бұзылыстары


Диагностикалық критерийлері



бет2/4
Дата05.01.2023
өлшемі29,54 Kb.
#165045
1   2   3   4
Байланысты:
ССМП рус.

Диагностикалық критерийлері: Ми қанайналымының жіті бұзылыстары бірден пайда болады (минуттар, сирек сағаттарда) және ошақты немесе жалпы милық менингеалды неврологиялық симптомдардың пайда болуымен сипатталады:
Ошақты неврологиялық симптомдар:
-қозғалыс (геми-, моно-, парапарездер)
-сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);
-сезімталдық (гемигипалгизия, терең және күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);
-координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б)
-көру (скотомалар, квадрантты және гемианопсиялар, амавроз, фотопсиялар т.б)
-ми қыртысы қызметінің бұзылысы (астериогноз, афазия, анозогнозия, апроксия және т.б)
Жалпы милық симптомдар. бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар; бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың шуылдауы.
Менингеалды симптоматика:-мойын арты бұлшық етінің тартылуы;
-Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтеров симптомдарының оң болуы.
Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
-бастың бірден ауруы, құсу;
-тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;
-сергек кезде, күндіз, аяқ- астынан пайда болады;
-беттің қошқылдануы (плетор), көздің жабылуы (птоз), кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі, зәрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы, мидың жарты бөлігіне массивті қан құйылу кезінде- артериялық қысымның көтерілуі.
Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
-біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;
-жалпымилық симптомдар көріністері анық болмайды;
-артериялық қысым қалыпты немесе төмен ;
-кейде ұйқы кезінде дамиды
Транзиторлы ишемиялық шабуылдар диагнозы ретроспективті қойылады.
Жіті гипертониялық энцефалопатияның диагностикалық
крийтерилері:
-бастың бүкіл жерінің, қатты ауруы;
-жүрек айну, құсу;
-сезімталдықтың төмендеуі, кейде тырысу синдромымен қатар жүреді;
-ошақты неврологиялық симптоматика анық болмайды.
Субарахноидалды қан құйылулардың диагностикалық критерийлері:
-аяқ- астынан бастың ауруы, кейде омыртқа бағанасына ауырсынудың берілуі, басты бірнәрсемен ұрған сияқты ауырсыну («баста бірнәрсенің жарылуы»);
-психомоторлы қозу, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлағының шуылдауы;
-есінің тежелуі, кейде комаға дейін; Көбінесе есі қалпына келеді, бірақ есеңгіреу күйінде болады.
-қайталамалы құсу;
-генерализацияланған немесе фокальді қояншық ұстамалары;
-тыныс алудың бұзылуы немесе оның патологиялық түрлері;
-артериялық қысымның жоғарылауы;
-жүрек ырғағының өзгеруі (жиі брадикардия);
-гипергликемия;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет