Ми қан айналымының жіті бұзылыстары



бет3/4
Дата05.01.2023
өлшемі29,54 Kb.
#165045
1   2   3   4
Байланысты:
ССМП рус.

Салыстырмалы диагностика:
Гипогликемия. Жіті ми қан айналымың бұзылуы симптомдарымен ұқсас келеді. Бұл жағдай қант диабетімен ауыратын, гипогликемиялық дәрі-дәрмек қабылдайтын аурулардың барлығында болады; қояншық ұстамалары болуы мүмкін. Дұрыс диагноз қоюдың ең негізгі әдісі- қандағы глюкоза деңгейін анықтау.
Қояншық ұстамасы. Ұстаманың аяқ астынан басталып, аяқталуы.Ұстама кезінде сезімталдық төмендеп, әртүрлі еріксіз қозғалыстар байқалады, ұстамадан соң ұйқысы келіп, есінен шатасу болады. Ошақты неврологиялық симптоматика 24 сағат ішінде
жоғалады. Диагноз қоюға бұрын болған ұқсас ұстамалар көмектеседі, бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалардың инсультпен қатар жүретінін есте сақтау керек.
Бас сақинасы ұстамасының асқынған түрі. Бастапқы кезде ошақты неврологиялық симптоматика инсультті еске түсіреді;
Ұстамаға дейін және кейін бастың қатты ауруы болады; сезімталдық пен көздің көруі нашарлайды.Анамнезінде басы ауыратын әйелдер мен жас пациенттерден күдіктенуге болады; бас сақинасында инсульт тууы мүмкін.
Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз, абсцесс, субдуралды гематома).Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады, қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдауы мүмкін, анамнезінде қатерлі ісіктер
немесе бассүйектік жарақат кездеседі.
Бассүйек ми жарақаты. Анамнезінде басында жарақат іздерінің
болуы.
Менингоэнцефалит. Анамнезінде инфекциялық үдерістерінің белгілері, бөртпе, құлақтың және мұрын қосалқыларының іріңді аурулары. Инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.
Диагностикалық шаралар:
1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау: ес, тыныс алу, қан айналу.
2. Визуальді бағалау: бастың жұмсақ ұлпасын жақсылап қарау және пальпациялау (бассүйек ми жарақатын анықтау үшін). Сыртқы құлақ қалқанымен мұрын қуысын қарау (ликворрея анықтау үшін).
3. Пульсті бақылау (аритмиялық), жүректің соғу жиілігін (брадикардия), артериялық қысымды анықтау.
4. Жүрек аускультациясы: митральді қақпақшаның пролапсты шуы және жүректің басқа да шуылдары.
5. Мойын тамырларын аускультациялау: ұйқы артериясының үстінен шуылды анықтау, әсіресе анамнезінде транзиторлы ишемиялық шабуыл және қантты диабеті болса.
6. Неврологиялық статусты анықтағанда келесі белгілерге мән
беру керек:
- аяғында қозғалыстың бұзылысын: науқасқа 10 сек. Аяғын көтеріп тұруын сұраймыз, салданған аяғы тезірек шаршайды (Баре сынамасы).
- сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, афазия), дизартрия кезінде науқас түсінеді, бірақ түсініксіз сөйлейді; афазияда науқас түсінеді бірақ мүлдем сөйлей алмау;
- бассүйек иннервациясының бұзылуы :беттің ассиметриясы, дисфагия (жұтынудың бұзылуы- қатты немесе сұйық тағам ішкенде қақалуы); сезімталдықтың бұзылуы: денесінің немесе аяғының симметриялық бөліктерін инемен сұққанда бір жақты ауырсыну байқалады;
- естің тәмендеуі (есеңгіреу, сопор, кома)
- көру алаңының дефектісі (геми анопсия- сол немесе оң көзінің көру алаңының төмендеуі)
7. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет