Жедел жәрдем тактикасы:
-Инсульт және ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.
-Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.
Базисті және дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады. Базисті терапияны эпилептикалық статус және өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін және оның бар- жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі. Дифференциалды терапия- инсульттің ишемиялық және геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.
Базисті терапия бір-бірімен байланысқан үш компоненттен тұрады:
1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.
2. Инсульт әсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу - бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электролит тепе-теңдігін түзеу, қышқыл-негіздік жағдайды және инфекцияның алдын алу.
3. Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын басуға, церебральді қан айналымының жедел бұзылысын жоюға: антигипоксанттарды, нейротрофикалық және мембрана стабилизаторларды, антогонист глутаматтарды қолдануға болады.
Дифференциалды емес терапия.
1.Тынысты қалыптандыру- жоғарғы тыныс жолы мен ауыз қуысын тазалау.
2.Естен тану кезінде-оксигенотерапия. Брадипноэ (ТАЖ-12 мин. ішінде), тахипноэ (ТАЖ-35-40 мин. ішінде), цианоздың өршуінде - өкпені жасанды желдендіру
3.Артериалды гипертензиясы болса (сист. арт. қысым-200 мм c.б.б, диаст.арт. қысым-110 мм с.б.б) қысымды баяу түсіру керек, өйткені ми ишемиясы тууы мүмкін. эбрантил 25-50 мг -5 мл физиологиялық ертіндісімен көктамырға; эналаприлат 0,625-1,25 мг тамыр ішіне тамшылатып 5 мин; магний сульфатын тамыр ішіне баяу 1000-2000 мг (бірінші 3мл Змин ішінде) 10-15 мин ішінде, тырысу синдромы болған жағдайда тағайындалады;
4. Артериалды гипотензияда (сист.арт. қысым- 100 мм .с.б.б.) тамырға тамшылатып полиглюкин 400,0 мл немесе пентокрахмал 500 мл.
Артериалды гипотонияның айқын түрінде- тамырға 200мг допаминді 250мл 5% декстроза ерітіндісіне араластырып 1 мин. ішінде 10-12 тамшыға дейінгі жылдамдықта енгізу керек.
5.Тырысу синдромы дамыса диазепам бастапқы мөлшері 10-20 мг, керегінше 20мг тамырға, бұлшық етке енгізеді. Жалғасатын тырысу ұстамасында 20% оксибутират натрий ерітіндісі изотониялық ерітіндісімен немесе 5% декстроз дене салмағынан 70 мг /кг .
6.Қайталамалы құсықта, қатты ықылықтигенде:
-метоклопромид 2 мл ,10мл-0,9 % бұлшық етке .
-пиридоксин гидрохлориді 2-3 мл 5%, 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен тамырға.
-нәтижесі болмаса- 1-3 мл 0,25 % дроперидол%, 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен к/т, б/е
7.Бас ауырғанда
-кеторолак 30мг бұлшық етке.
8.Нейропротективті терапия :
- цераксон 1000 мг тәулігіне к/т баяу енгізу;
- актовегин 1000 мг (25 мл) тәулігіне к/т баяу, бұлшықет ішіне енгізуге болады, 5 мл – ден көп емес;
-глицин тіл астына 1 г;
- 25 % магний сульфаты ерт. 5 - 10 мл-ден 60 мл-ге дейін к/т баяу тамшылатып 100-200 мл 0,9% натрий хлориді ерт.;
- мексидол к/т 5-7 мин ішінде енгізу немесе 100-500 мг тамшылатып 200-400 мл 0,9% натрий хлориді ерт. - де 60 – 80 там/мин жылдамдықпен;
- церебролизин 5-10 мл-ден 50мл тәулігіне к/т баяу енгізу немесе 10 -60 мл - ді 200 мл 0,9% натрий хлориді ерт. Тамшылатып 60-90 мин ішінде енгізу, немесе глиатилинді 4 мл (1000мг) 10-20 мл 0,9% натрий хлориді ерт. баяу енгізу, не болмаса эмоксипин 15 мл 1 % ерт. к/т тамшылатып, карнитин хлориді 7-10 мл 1 % ерт. 300-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт. к/т 6 там/мин жылдамдықпен енгізу; - пирацетам 10-20 мл к/т араластырмаған күйде (инсульттың ауыр өтетін ағымында, терең сана бұзылысымен қабаттаса жүруінде қрлдануға болмайды) енгізу.
9. Микроциркуляцияны жақсарту және тромбоэмболияның қайталануының алдын алу үшін пентоксифиллинді к/т тамшылатып 0,1 г мөлшерде (бір ампула) 250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт.-де 90-180 мин ішінде, немесе варфарин 2,5 мл ішке, не болмаса ацетилсаллицил қышқылын 500мг ішке қолданады. Ми қан айналымын жақсарту, мидағы қан ағысын көбейту, мидың шеткері қан тамырларының кедергісін тұрақтандыру,
нейрондардың оттегімен қамтамасыз етуін жақсарту, ми тінінің метаболизмін жақсарту үшін - 0,3 мг винкамин қолданылады.
10. Қанның ұю қасиетінің бұзылыстарын реттеу – гепарин 5000 Б. к/т
Аураханаға жатқызу көрсеткіштері: барлық инсультқа күмәнданған науқастарды арнайы (нейроинсульт) бөлімшеге тасымалдау қажет, ауруына 6 сағат өткен науқастарды – қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызады.
Тасымалдау зембілмен басын 300-қа көтерген қалыпта жүргізіледі.
Госпитализациялауға салыстырмалы қарсы көрсеткіштер:
-терминальды кома
-айқын мүгедектікпен деменцияның инсульт дамуына дейін;
-онкологиялық аурулардың терминальды сатысы.
Қояншық (эпилепсия) - (грек. epilambano - шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық - жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде "қасиетті ауру" деген атпен, ар түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, наукас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі езгеріп, ой-қабілеті темендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, саби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың ар түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахнознцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым куалайды. Эпилепсия 10 - 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан кебігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан
жағдайға кеңіл белмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп ауреге түседі. Қасындағы здамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-ерісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады.
Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды
ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ен алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, наукаска организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру здамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.
Спазмофилия - гипокальциемиялық синдром-бала организмінде фосфор және кальций
азайып денесінің құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталатын ауру. Кебіне 2 жасқа дейінгі балаларда, әсіресе кектем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.
Клиникалық айқындалуы 2 формасы бар:
* Ларингоспазм-дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңлауының тарылуы. Бала қиналып, шумен дем алады, реңінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен танып бірнеше секундтан соң шумен дем алады.
* Эклампсия-баланың барлық бұлшықеттерінің құрысып-тырысуы, аузынан кебік шығып, бала есінен айрылады.
* Емі
* Таза ауа жеткізу.
* Салқын су шашу, құйрығынан ұру.
* Ылғалды оттегі беру.
Жағдайы жақсарғаннан соң кальций препаратын беру.
Достарыңызбен бөлісу: |