Microsoft Access бойынша лабораториялық жұмыстар №1 лабораториялық жұмыс



бет10/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,67 Kb.
#86092
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Ms Access

Тауарлардың кірісі кестесінен жазбаның нөмірі өрісін;

  • Тауарлардың кірісі кестесінен күні өрісін;

  • Тауарлар кестесінен атаулары өрісін;

  • Тауарлардың кірісі кестесінен саны өрісін;

  • Тауарлар кестесінен бағасы өрісін;

  • Жеткізушілер кестесінен атаулары өрісін;

    Сұранысты іске қосыңыз. Көпкестелі сұраныс атымен сақтаңыз. Өрістердің атауларына назар аударыңыз. Оларда өрсітерден басқа кестелердің аттары көрінеді – мәліметтер қайнары.

    1. Сұраныста саналатын өрістерді құру.

    Көпкестелі сұраныс кестесін конструктор режимінде қосыңыз. Бағасы бос бағанын қосу үшін Кірістіру пунктін пайдаланыңыз. Өрістің атын Бағасы қойыңыз. Сұранысты іске қосыңыз.

    1. Жазбаларды сұрыптау .

    «Сұрыптау шарты» өрісін келесі жазбаларға пайдаланыңыз:

    • Күні бойынша сұрыптаңыз. Күн аймағындағы барлық амалдарды пайдаланып көріңіз. Күні бойынша деген атпен сақтаңыз.

    • Жеткізушілер бойынша сұрыптаңыз. Бір жеткізуші үшін барлық амалдарды қолданыңыз. Жеткізушілер бойынша атпен сақтаңыз.

    • Бағасы бойынша сұрыптаңыз. Бағасы 1000 асатын тауарларға барлық амалдарды орындаңыз. Бағасы бойынша атпен сақтаңыз.

    • Тауарлардың атаулары бойынша сұрыптаңыз. Кез келген біреуден басқа тауарлардың атауларына барлық амалдарды орындаңыз. Тауар бойынша атпен сақтаңыз.

    1. Нәтижелі сұраныстар.

    Кіріс пен Тауарлар кестелер қосып, жаңа сұранысты құрыңыз. Тауардың атауы өрісін қосыңыз да, Саны мен Бағасы өрсітерінің қосындысын шығаратын саналатын өрісті қосыңыз. Бағасы деген атпен сақтаңыз. Сұранысты қосып, Нәтижелі сұраныс атымен сақтаңыз.
    Нәтижелі сұранысты құру үшін Топтық амалдарды пайдаланыңыз. Табыңыз:

    • Әр тауар атуы бойынша амалдардың жалпы бағасын.

    • Кіріс бойынша тауарлардың жалпы соммасын. Бұны Нәтиже деген атпен сақтаңыз.

    1. Модификациялық сұраныстар.

    Модификациялық сұраныстардың үш түрі бар: өшіру сұранысы, кірістіру сұранысы, жаңарту сұранысы.
    Модификациялық сұранысты құру үшін сұранысты құрып, батырмасын шерту арқылы типін өзгерту. Өзгерістерді қайтадан өзгертуге келмейді.

    • Тауарлар кестесіндегі белгіленген екі тауарлардың бағасын 20% үлкейту үшін жаңарту сұранысын құрыңыз. Сұраныс бланкісінде Атауы мен Бағасы өрсітерін қосу жеткілікті. Or амалын пайдаланып Атауы үшін сұрыптау шартын орындаңыз да, ( [Товары]![Цена]*1.2) жаңарту формуласын айтылымдар шебері арқылы Бағасы бағанында орындаңыз. Форманы ашып, тауарлардың бағаларын қараңыз. Сұранысты қосыңыз да, Тауарлар формасында жаңа бағаларын қараңыз.

    • Тауарлардың кірісі кестесі үшін өшіру сұранысын құрыңыз.

    1. Айқасқан сұраныстар.

    Айқасқан сұраныстар Exselкестеллеріне ұқсас, олар сұранстар негізінде құрылады. Көпкестелі сұранысты айқасқан сұраныстар үшін пайдаланыңыз. Тауарлардың бағасы үшін нәтижелерді құру:
    Күндері бойынша бөлу (жолдардың атауы – Күні, бағандардың атауы – атауы).
    Жеткізушілер бойынша бөлу (жолдардың атауы – жеткізушілер атауы, бағандардың атауы – тауардың атауы).



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет