Бақылау: Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?
Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 2-сабақ.Тіл жəне сөйлеу.
МЕКТЕП: Мәтібұлақ ОМ
КҮНІ:
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:
СЫНЫП: 3
қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
ОҚУ МАҚСАТЫ:
3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;
3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Алдыңғы білімдер
Тіл жəне сөйлеу тыңдалған мəтіннің мазмұнымен жұмыс тақырыбынан меңгерген білімдеріне негізделіп оқытылады.
Жоспар
Жоспарлан- ған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
1 минут
(Ұ) «Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.
Көңілді əуен қосып қою
3 минут
(Ұ) «Венн диаграммасын» толтыру. Үлгі:
Ауызекісөйлеу Жазбашасөйлеу Ортақ қасиеті
Венн диаграммасын интерактивті тақтада толтырып, ой қорыту жасау.
Интерактивті тақтаның көмегімен «Венн диаграммасын» толтыру
1 минут
Оқушылардың сыныптағы өзіндік, жұптық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т» ережесін еске түсіру: Талап.Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық.
ІІ.
Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
3 минут
3.2.4.1 (МК; Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтау. 6-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтап, дəлелдеулер келтіріп, өз ой қорытындыларын жасайды.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Даңғыл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау шығарады.
(Ж) Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау. «Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы. Жұппен жұмыс.
Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырып жазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу.
Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.
(Ө) Жұбына жазбаша хат жазу. Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы»стратегиясы бойынша топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мəтіндегі негізгі ойды сақтай отырып, хатты жалғастырып жазу білігін бағалау. 7-жаттығу. Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтін кім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады. Оқушылардың хатты дұрыс жазуына мұғалім тарапынан басшылық жасалады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Хал сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(МК; Т; Қ) Тапсырманы түсініп орындау білігін бағалау.8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дəлелдеулер жасатылады. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сəйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды.
Жұмыстарын топта жариялап оқиды.
3.2.3.1 (МК; Ж; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқу. Мəтінді оқуда сөйлеудің қай түрін қолданғанын анықтау. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу. 9-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтінді оқуда сөйлеудің
Оқулық
1 минут
Оқулық Орфографиялық сөздік
2 минут
3 минут
2 минут
2 минут
4 минут
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
2 минут
Оқулық Орфографиялық сөздік
3 минут
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
4 минут
Оқулық
4 минут
қай түрі қолдағанылғанын анықтап, дəлелдеулер жасайды. Мəтіндегі сөйлемдерді байлайланыстырып тұрған сөздерді тауып, қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтуына басшылық жасалады.
Оқушылар топтық жұмысты орындауда «Жазбаша сөйлеу бірден пайда болған жоқ» сөйлемінен бастап, оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.