Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Қарттарға берілетін материалдық көмектер



Pdf көрінісі
бет32/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95
Байланысты:
қарттар

Қарттарға берілетін материалдық көмектер
Бұрынғыдай, балалар бірінші кезекте қарт ата-аналарына материалдық қамтамасыз 
етуде көмектеседі: 2008 жылы 70% және 2020 жылы 57% көрсеткен. Жалпы, басқа адамдар 
тарапынан жасалынатын қарт адамдарға материалдық көмекке көрсетудің азайғанын атап 
өткен жөн (21-сурет). Осыған байланысты екі болжам жасауға болады: халықтың 
экономикалық жағдайы нашарлады, сондықтан халықтың едәуір бөлігі қарттарға көмектесе 
алмайды немесе осы кезеңде басқа адамдардың материалдық көмегіне мұқтаж емес қарт 
адамдар көбейген. 
 
Сурет 21. «Сізге кім материалдық (ақшалай, азық-түлікпен, киім, т.б.) көмек 
көрсетеді?» сұрағы бойынша респонденттердің жауаптарын салыстырмалы 
мәлеметтері (2008 жылы n=1500, 2020 жылы n=2000) 
Қарттардың несие алуы 
25%
4%
1%
3%
17%
70%
29%
0,3%
1%
2%
2%
13%
57%
Ешкім
Үкіметтік емес және еріктілер ұйымдары
Көршілер
Достар
Әлеуметтік қызметтердегі жұмыскерлер және 
мемлекет
Туыстар
Балалар
2020 жыл
2008 жыл


38 
Соңғы 12 жылда банктең несиелік қызметтерін пайдаланатын қарттардың үлесі 
едәуір өсті - 7 еседен астам: 2008 жылғы 6% -дан 2020 жылы 43,5% -ға дейін. Әлеуметтік-
демографиялық сипаттамаларды талдау кезінде анықталғаны 55-59 жас тобындағы (52%), 
қазақ ұлтының азаматтары арасында (53%), жұмыс істейтін азаматтар арасында (57,5%),
үйленген (49%) және балалары бар (44,5%) қарттардың несие беру қызметін өте жиі 
пайдаланатықтарын көрсетті. Басқа әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар аясында 
айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды.
Не себепті несиелер алынады, қандай мақсаттарда? Осы сұрақ несие қызметін 
пайдаланатын қарттарға қойылған болатын (870).
Несие алудың кең таралған мақсаты - ірі 
заттарды сатып алу (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.), бұл туралы банктерден несиелері 
бар респонденттердің 44% хабарлады. Әр үштен бір бөлігі (34%) балаларына немесе 
немерелеріне көмектесу үшін несие алады, толығырақ 22-суретте көрсетілген.
«Басқа» деп жауап бергендер арасында, несие алудың келесі мақсаттары көрсетіледі: 
«үй салу үшін», «немерелерді оқыту үшін», «көлік сатып алу үшін», «жеке қажеттіліктер 
үшін».
2008 жылғы зерттеудің есебі бойынша:
«Респонденттер несиелеу қызметін 
пайдаланады ма деген сұраққа 95 адам немесе 6% «иә» деп жауап берді. Респонденттердің 
көпшілігі (59 адам немесе 62%) «ірі заттарды» сатып алу үшін несие алғандықтарын айтты 
(бұл 2020 жылға қарағанда көп), үшіншіден, балаларына немесе немерелеріне көмектесу 
үшін несие беру қызметтерін қолданатындықтарын көрсетті (2020 жылғы зерттеу нәтижесі 
бойынша да бұл индикатор өзгерген жоқ).
Несие беру қызметін пайдаланған 
респонденттердің 11% отбасылық кәсіпкерлікке қатысу үшін несие алғанын хабарлады. 
Респонденттердің 7% үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін несие алғандығын айтқан, 
респонденттердің әрқайсысының 5% тұрғын үй сатып алуға және жеке кәсіпкерлікке несие 
алдыған айтқан». Екі сауалнаманың нәтижелерін салыстырғанда анықталғаны егде жастағы 
ата-аналардың өздеріне қаржы жетіспесе де, балалары мен немерелеріне көмектесу үшін 
несие алып, оларға қаржылай көмектескісі келетін ниеттері де әлі де өзгермегендігі 
анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет