40
ішінде кейбір респонденттер еріктілердің, «Нұр-Отан» партиясының және діни
ұйымдардың әлеуметтік қолдау қызметін пайдаланатынын атап өтті.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау мекемелерінің қолдауларына қанағаттану деңгейі
(78,2%), жеке меншіктік әлеуметтік қолдау көрсететін мекемелерден алынған көмекке
қанағаттану (23,7%), әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ қолдауына қанағаттану деңгейі
(20,5%).
Егде жастағы адамдардың мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық қолдауға қатысты
қажеттіліктерін анықтау үшін барлық респонденттерге: «Сіздің ойыңызша, егде жастағы
адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мемлекет не істеу керек?» деген сұрақ
қойылды. Егде жастағы адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мемлекеттік
басым шаралар туралы респонденттердің жауаптарын бөліп көрсетілген салыстырмалы
деректер 24-суретте келтірілген.
Респонденттердің көпшілігінің негізгі қажеттілігі (2008 жылы 85% және 2020 жылы
78%) мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін көбейту болып
табылады. Медициналық қызметтерді қол жетімді ету қажеттілігін атап өткен
респонденттердің үлесі (2008 жылғы 35%-дан 2020 жылы 48%-ға дейін) өсті.
Медициналық
қызметтердің
сапасын
жақсарту
қажеттілігін
атап
өткен
респонденттердің үлесі де өсті (2008 жылғы 30%-дан 2020 жылы 34%-ға дейін). Сонымен
қатар, медициналық және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін жеңілдіктер жүйесін
енгізу қажет (37%-дан 28%-ға дейін) деген пікірмен бөлісетін егде жастағы адамдардың
үлесі азайды, және «қарттарға арналған негізгі қажеттіліктерге бағаны мемлекеттік реттеу»
(34%-дан 27%-ға дейін) түсті. Респонденттердің шамамен 8%-ы ғана егде жастағы
адамдарға жұмыс табуға көмектесу керек деп санайды.
Бұл мәселелер, сонымен қатар, зейнет жасындағы азаматтардың іріктеуі тұрғысынан
талданды. Нәтижелер 2020 жылғы респонденттердің жалпы жауаптарына ұқсас:
қарттардың 80%-ы зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту, 47% -
медициналық қызметтерді қол жетімді ету, 34% - медициналық қызметтердің сапасын
арттыру,
30% - медициналық және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер
жүйесін енгізу үшін, зейнеткерлердің 29%-ы қарттарға арналған алғашқы қажеттіліктерге
бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу қажеттілігін, ал зейнеткерлердің тек 5%-ы егде жастағы
адамдарға жұмыс табуға көмектесу керек екенін атап өтті.
Достарыңызбен бөлісу: