46
2008 жылғы сауалнамаға сәйкес, 61 респондент саяси партияға мүше
болғандығы
туралы хабарлады, бұл барлық сауалнамаға қатысушылардың 4% құрады (1500), 2020
жылғы сауалнамаға сәйкес мұндай респонденттер саны 217 адамға дейін өсті, бұл 10,9%
құрады, барлық іріктеуден (2000). Саяси партияларға мүшелік еткен 55-59 жас
аралығындағы азаматтар (15%), ауыл тұрғындары (14%), жоғары білімді азаматтар (19,2%),
материалдық жағдайы жақсы азаматтар (15,8%) арасында кең таралған.
Қандай да бір қоғамдық бірлестікке немесе үкіметтік емес ұйымға мүшелік туралы
2008 жылы 46 респондент (3%) айтқан, ал 2020 жылы 62 респондент хабарлады, бұл 3%
құрайды.
Егер 2008 жылы кез-келген қоғамдық бірлестіктерге немесе үкіметтік емес
ұйымдарға мүше екендіктерін көрсеткен респонденттердің ішінен 18 адам немесе 39% өз
ұйымы елде демократияны дамыту проблемасымен айналысады деп көрсеткен болса, 2020
жылы мұндай респонденттер 7, бұл белгіленген санат санының 11,3% құрайды.
Жалпы
алғанда, 2008 жылы 33% және 2020 жылы 16% олардың ұйымдарының міндеті егде жастағы
адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту болып табылады деп
мәлімдеді.
Мүгедектердің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін жақсарту
мәселелері жайлы 2008 жылы 20%, 2020 жылы респонденттердің 10% - қоғамдық
бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері айналысқан. 2020
жылғы
сауалнамаға сәйкес, қоғамдық ұйымдарда мүше болған қарт адамдар, олар өздері мүше
болған қоғамдық бірлестіктерде ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын
жақсартумен айналысады деп жауап берді (13%). 2020 сауалнамаға қатысқан
респонденттердің қалған бөлігі өздерінің қоғамдық бірлестіктері
келесі жұмыстармен
айналысады деп хабарлады:
Адвокатура, адам құқықтарын қорғау;
Ардагерлерге көмектесу;
Ауыл мәселелерін шешу;
Әртүрлі мақсаттық топтардың мәселелерін шешу (білім саласындағы қызметкерлер,
семей ядролық полигонынан жапа шеккендердің мәселелері, ауған соғысы
ардагерлеріне көмектесу, жұмыскерлерге көмек көрсету, т.б.);
Мәдени- тынығу қызметтерін дамыту;
Экологиялық мәселелерді шешу;
Халықты салауатты өмір салтын ұстануға үйрету;
Жемқорлықпен күрес әрекеттер.
Осылайша, қарттардың белгілі бір бөлігі өз тұрғылықты жерлерінде жоғары
қоғамдық және саяси белсенділіктерімен ерекшеленеді.
Белсенді ұзақ өмір сүру индексін есептеу үшін 2020 жылғы сауалнамаға қоғамдық-
саяси қызметке
қатысты сұрақтар енгізілді, осы сұрақтарға жауаптардың таралуы мына
жерде берілген:
1.
Төменде көрсетілген мекемелердің тізімі мен олардың атқаратын қызметтерін оқи
отырып, осы мекемелерде соңғы 12 айдың ішінде ерікті ретінде,
ақы төленбейтін
жұмыстарды атқардыңыз ба?
Қоғамдық және әлеуметтік қызметтер – мысалы ретінде, егде жастағы
адамдарға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және де басқа да көмекке
зәру адамдарға көмектесетін мекемеде –
осындай мекемелерде респонденттердің
10% уақыт аралық ақы төленбейтін ерікті ретінде қызметтерді атқарған.
Білім беру, мәдени, спорттық кәсіби бірлестіктер немесе ассоциацияларда
– 6%
осындай
мекемелерде
уақыт
өте
келе
ақы
төленбейтін
қызметтерді
атқарғандықтарын айтқан.
Қоғамдық қозғалыстар (мысалы, экология немесе адам құқықтарын қорғау) немесе
қайырымдылық қорлары (мысалы, қаржы жинау, компанияны ұйымдастыру)
- 6%
47
осындай
мекемелерде
уақыт
өте
келе
ақы
төленбейтін
қызметтерді
атқарғандықтарын айтқан.
Басқа да ерікті ұйымдар, мекемелер
– также 6% осындай мекемелерде кейде болса
да ақы төленбейтін қызметтерді атқарғандықтарын айтқан.
Жалпы, респонденттердің 2,7% қандай да бір мекемелерде ақы төленбейтін ерікті
қызметтерді атқарады, аптасына бір рет, соның ішінде 2% ерлер, 3,1% әйелдер ¹.
2.
Соңғы 12 айдың ішінде:
Респонденттердің 6% профсаюздар мен саяси партиялар мен бірлестіктерде,
жиналыстарына қатысқан;
0,4% немесе 8 адам қарсыласу акциялары мен көтерілістерге қатысқан;
1% немесе 19 адам петицияға қол қою, сонымен қоса электрондық почта мен онлайн
петицияларға қол қойған;
Респонденттердің 1% Қандай да бір саяси немесе мемлекет шенеунігімен күнделікті
қолданылатын ресми қызметтерді алу кезінде байланыста болған.
Саяси өмірге қатысу индекаторының көрсеткіштері (55 жас және одан да жоғары
жастағы адамдардың профбірлестіктер, саяси партиялар, саяси қозғалыстарға қатысулары)
7,4% көрсеткішті көрсетті, соның ішінде 7,8% үлесті ер адамдар, 7,0% үлесті әйел адамдар
қамтыған.
Достарыңызбен бөлісу: