Отбасындағы зорлық-зомбылық
2020 жылғы зерттеудегі сауалнамадағы «Сіз білетіндей, отбасында болатын зорлық-
зомбылық әрекеттері барлық елдерде болып жатыр, әсіресе отбасындағы зорлық-
зомбылықтан басты зардап шегушілер олар әйелдер, сонымен қоса қарттар мен мүмкіндігі
шектеулі жандар. Сізбен бірге тұратын отбасыңыздың мүшелері Сізге осындай әрекеттерді
жасайды ма?» сұрағы бойынша респонденттердің жауаптарын талдау 6 кестеде көрсетілген.
Қорытындылар
2008
жылғы
сауалнамамен
сәйкес
келеді.
2020
жылы
респонденттерге қарсы барлық зорлық-зомбылық әрекеттерінің таралуының 2008 жылмен
салыстырғанда төмендеуіне қарамастан, психологиялық қысымның әр түрлі көріністері жиі
кездеседі: дауыс көтеру (2008 ж. 18,8% және 2020 ж. 5,6%), негізсіз сөгіс (2008 ж. 10,5%
және 2020 ж. 4,0%), қорлайтын және кемсіту сипаттағы дауыс көтерулер (сәйкесінше 4,5%
және
1,9%),
респонденттерді
алаңдаушылық
туғызатын
отбасы
мүшелерінің
алкогольге/есірткіге тәуелділігі (4, 6% және 1,9% сәйкесінше), отбасымен және достарымен
байланыста болуға кедергілер жасау (сәйкесінше 1,7% және 1,3%).
Егде жастағы адамдар
экономикалық қысым фактілеріне – респонденттердің кірістері мен шығыстарын бақылауға
назар аударды. Зорлық-зомбылықтың физикалық түрлерін респонденттер тіпті сирек атап
өткен. Экономикалық қысым түрлерінің ішінде респонденттер өздерінің кірістері мен
шығыстарын бақылауды жиі атады (2008 жылы 6,4% және 2020 жылы 2,5%). Егде жастағы
адамдарға физикалық зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлері бұл дұрыс күтім
жасамау, ұрып-соғу және үйден қуып жіберу. Пайыздық есептеу респонденттердің жалпы
санына негізделген (2008 жылы n=1500, 2020 жылы n=2000). Респонденттер өздері
ұшыраған барлық зорлық-зомбылық түрлері мен жағдайларды атай алды.
|