58
«Отбасында болатын зорлық-зомбылыққа ұшырағандар қандай мекемеге барып
көмек сұрай алады?» сұрағы бойынша респонденттердің жауаптары төменде көрсетілген:
ІІМ мекеме қызметкерлеріне (милиция, полиция) – 50%;
Туыстары, достары, көршілері – 27%;
Әлеуметтік қорғау қызметтеріне – 9%;
Психологқа – 9%;
Үкіметтік емес және қоғамдық мекемелерге, дағдарыс орталықтарына – 8,4%;
Сотқа – 6,2%;
Мешіт, шіркеу, басқа да діни мекемелерден – 4,5%;
Ешқайда, сондықтан зорлық әрекеттеріне қарсы жұмыстарды өзің жасаңы керек – 26%
деп жауап берген болатын.
2020 жылғы сауалнама көрсеткендей, әр түрлі зорлық-зомбылыққа ұшыраған
қартайған әрбір төртінші адам (26%) ешкімнен көмек сұрамай, болған жағдайды өздері
шешуі керек деп санайды. Бұл тағы да тиісті ұйымдарға деген сенімсіздікті, қолданыстағы
қызметтердің хабардар еместігін, сондай-ақ зорлық-зомбылық проблемасының жасырын
екендігін тағы да растайды, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, әсіресе егде жастағы
адамдарға қатысты жасалынатын зорлық-зомбылықтың шынайы статистикасын қадағалау
қиын.
Достарыңызбен бөлісу: