Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Қарт адамдардың мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау жүйелері



Pdf көрінісі
бет48/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95
Байланысты:
қарттар

9. Қарт адамдардың мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау жүйелері 
жайлы ақпараттандырылу деңгейілері
2020 жылғы сауалнамаға егде жастағы адамдардың Қазақстандағы мемлекеттік 
бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау жүйелері туралы хабардар болу дәрежесі туралы 
сұрақ қойылды: «Сіз, Қазақстанда қарт, егде жастағы адамдарға әлеуметтік қолдау мен 
көмектесетін қандай бағдарлама бар екендігін білесіз бе?». Бұл ашық сұрақ, яғни, 
респонденттерге жауап беру нұсқалары ұсынылмаған, олар бұл мәселе туралы өздерінің 
хабардарлығын толықтай еркін білдіре алады.
Респонденттердің жартысына жуығы (49,2%) 
«білмеймін» немесе «жауап беруге қиналамын» деп жауап берді. Респонденттердің 
шамамен үштен бір бөлігі (34,4%) зейнеткерлер мен жалпы егде жастағы адамдар үшін 
мемлекеттен бөлек бағдарламалар мен қолдау жүйелері жоқ деп жауап берді. Яғни, 
респонденттердің 83,6% мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау жүйелері 
туралы білмейді. 
Зерттеліп отырған сұрақтың жауаптарын талдау, төмендегілерді белгілі бір деңгейде 
бөліп көрсетті, себебі респонденттер бірнеше жауаптарды атап өткен (3-тен 36 
респондентке дейін): 

Қарттарға арналған әлеуметтік қызметкерлер/Әлеуметтік қызметкерлер қарт 
адамдарға оларға азық-түлік сатып алып келуге, дәріханаға баруға, үй тазалау мен 
үй шаруашылықтарына көмексетеседі (40 респондент немесе 2,1%); 

Әлеуметтік төлемдер (36 респондент немесе 1,8%); 

Егде жастағы адамдарға арналған үйлер (35 - 1,8%); 

Азық-түлік жәшігі (33 - 1,7%); 

Әлеуметтік қызметкерлер/қарттарға қорғаншылық (32 - 1,6%); 

Профилакториялар, санаторлы-курортты емделу мен сауығу үшін жеңілдіктер, екі 
жылда бір рет болсын әкімдік тарапынан шипажайларға жіберу (25 - 1,3%); 

Зейнетақы төлеу (19 – 1%); 

Шығын төлеу/көмек/коммуналды төлемдерді төлеу (18 - 0,9%); 

Адрестік әлеуметтік көмек (18 - 0,9%); 

Еріктілердің көмектері (13 - 0,7%); 

Ардагерлер кеңесіне көмек (8 - 0,4%) 


59 

Қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер (7 - 0,4%); 

Дәріханаларда дәрі алуға жеңілдіктер (6 - 0,3%); 

Әлеуметтік қызметтер/мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қызметкерлердің 
бекітілуі (5 - 0,3%); 

Шипажайларға емделуге ұсынымдар (5 - 0,3%); 

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға емделулеріне тегін дәрі-дәрімектер (5 - 0,3%); 

Ауыл әкімдерінен көмек (5 - 0,3%); 

Қарттаға ота жасатуға жеңілдіктер ұйымдастыру (3 - 0,2%); 

Қалыпқа келтіру орталықтарында емделуге жеңілдіктер (3 - 0,2%); 

Ұзақ ғұмыр қарттарға арналған орталығы (3 - 0,2%). 
Кейбір респонденттер қарттарды әлеуметтік қолдаудың келесі бағдарламаларын 
атап өтті: жол қозғалысы үшін төлем; қозғала алмайтын және үйде отырған азаматтарға 
«қарттар күніне» ауылдық кеңестен әлеуметтік көмек; қарттарға арналған күндізгі 
стационар; коммуналдық қызметтер үшін 15000 теңге төлеу; диспансерде ақысыз емдеу 
бірнеше жылда бір рет болсын; ХҚКО жылына екі рет 15000 теңге көлемінде коммуналдық 
қызметтерге ақы төлейді; пайызсыз несие беру.
Жалпы, сауалнамаға қатысушылардың тек 16,4% еліміздегі егде жастағы адамдарды 
қолдайтын әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шараларын нақты 
анықтап айта алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет