7
белгіленген жоспар бойынша, сұхбатқа қатысушы адамның зерттеуші қарастырып отырған
тақырып бойынша еркін ойлау арқылы сұрақтарға жауап беру дегенді білдіреді.
Терең
сұхбат дегеніміз сонымен қоса зерттеуші қарастырып отырған тақырып бойынша
құрастырылған сұрақтарға респонденттің/ сарапшының
сұрақтарға ашық жауап беруі,
ерекшелігі бұл әдісте сауалнама сияқты дайын жауаптар емес, керісінше сұрақтарға ашық
және толық жауап беруді талап етеді. Осы зерттеу түрі арқылы сұхбат барысында жауапқа
себеп болған жағдайларды анықтау үшін қосымша сұрақтарды қоюға мүмкіндіктер береді,
ал бұл дегеніміз зерттеліп отырған мәселе жайлы сарапшының ойы арқылы қорытынды
ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапалық зерттеулер адамдардың не жайлы ойлап
жатқандықтарын анықтау мен
олардың нені сезінетіндіктерін білу мақсат болған кезде қолданылады. Сапалық зерттеу ол
зерттеліп жатқан мәселені толық зерттеуді білдіреді. Осы зерттеу әдісі арқылы зерттеліп
жатқан нысанның ұстанған тұжырымын, әрекет ету үлгісін және осы әрекеттің ар жағында
қандай себептер тұрғандығын анықтауға мүмкіндіктер береді.
Достарыңызбен бөлісу: