9
Қарттар арасыда жүргізілген анкеталық сауалнама
Зерттеу нысаны:
55 және одан да жоғары жастағы адамдар.
Ақпараттарды жинау әдісі:
планшетте орналасқан арнайы ұсынылған бағдарламаны
қолдану арқылы жекелік
стандартталған сұхбат жүргізу.
Зерттеу құралдары:
сауалнама, құрамында 91 сұрағы бар (жабық, ашық, жеңіл, көп
жауапты және кестелер)
Респонденттерді іріктеп алу рәсімі:
Короновирустық инфекцияның таралуына қатысты орнатылған карантиндік
шараларға кезінде респонденттер арасында сауалнама екі әдіс бойынша жүзеге асырылды:
телефон арқылы және F2F жеке сауалнама. Телефон арқылы сауалнама қалалы жерлерде
әрбір аймақ бойынша телефон номерлер базасында номерлері
бар респонденттерге
кездейсоқ таңдау әдісі арқылы хабарласқан. Жеке сауалнама ауылдық елді мекендерде
жүргізілген, ауылды аймақтар әрбір аудан бойынша кездей соқ таңдалынып алынған. Сұрау
кезінде қатысатын респонденттерді олардың квотаға сәйкестігі бойынша, яғни жынысы мен
жастық тобына байланысты таңдалынып алынған.
Зерттеу географиясы:
сауалнама Қазақстанның барлық 14
облысында, облыс
орталықтары, кіші қалалар мен ауылдық аймақтар, сонымен қоса ірі қалалар Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент қалалары зерттеуге қатысқан.
Іріктеу көлемі:
жалпы іріктеу көлемі 2000 респондент деп белгіленген.
Іріктеу
жиынтығы репрезентативті болуы үшін облыс тұрғындарын теңдей бөлу үшін ауылдық
және қалалық тұрғындар деп бөлінген, сонымен қоса облыс орталықтары мен басқа қала
тұрғындарын қала тұрғындары деп бөліп қарастырылған.
Тұрғылықты мекендер бойынша
өтетін сұхбаттардың санын ресми статистикалық ақпараттарға сай есептелінген, ол әр
облыс бойынша 55 және оданда жоғары жастағылардың
саны бойынша теңдей етіп
есептелініп, бөлінген (1 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: