Кесте 1. Халық саны мен респонденттерді аймақтар бойынша бөлу
№
Облыс
55+жастан жоғары
халық саны
Облыс
бойынша
респонденттер
саны
1
Ақмола
160420
102
2
Ақтөбе
138965
88
3
Алматы
326303
208
4
Атырау
84638
54
5
Батыс-Қазақстан
126443
81
6
Жамбыл
169098
108
7
Қарағанды
294420
187
8
Қостанай
208698
133
9
Қызылорда
106734
68
10
Маңғыстау
78861
50
11
Павлодар
168977
108
12
Солтүстік- Қазақстан
145743
93
13
Түркістан
234338
149
10
14
Шығыс-Қазақстан
325543
207
15
Нұр-Сұлтан қаласы
132333
84
16
Алматы қаласы
318979
203
17
Шымкент қаласы
120884
77
Барлығы
3141377
2000
Сандық зерттеу бойынша далалық зерттеу жүргізу кезеңі:
Респонденттер арасында сауалнама жүргізу бойынша далалық зерттеу жұмыстары
2020 жылдың 6 тамызынан 3 қыркүйек күндері аралығында өткізілген.
Далалық жұмыстардың сапалығын қамтамасыз ету
Сұхбаттың болғандығын дәлелдейтін 100% тексеру жұмыстары ұйымдастырылған,
оның мақсаты зерттеуге қатысатын респондентті дұрыс іріктеу, таңдау және де қажетті
міндеттелген процедураларды орындау (жеке сұхбаттасу, сұрақтарды толығымен оқу және
т.б.):
•
80% сұхбат аудиожазбасын қайта тыңдап шығу;
•
10% телефон арқылы бақылау;
•
100% сауалнаманың дұрыс толтырылғандығына тексеру.
Интервьюерлерге арналған тренинг
Сандық зерттеу жұмыстары бойынша далалық зерттеуді бастамас бұрын жобаға
қатысатын барлық интервьюерлерге тренинг жасалынған болатын. Тренинг барысында
сұхбаттасушылар: зерттеу мақсаты мен міндеттерімен, сауалнама мен сұхбат жүргізу
ережелерімен танысқан; респонденттерді дұрыс іріктеуді үйренген; респонденттермен
жұмыс істеуде қажет болатын дағдыларды игерген.
Тренинг жүргізу барысында, әрбір сұхбат алушы арнайы бағдарламалық қамтамасыз
ету құрылғысында сауалнама сұрақтарына жауап беріп көрген, сол кезде туындаған
сұрақтардың барлығы қайта қарастырылып, талқыланған. Осыдан кейін де әрбір сұхбат
алушы сауалнамалық құрылғыны толық түсініп, сенімді болулары үшін сауалнамаға қайта
жауап берген. Зерттеу бойынша сұхбат алуға білікті және кәсіби сұхбат алушылар
қатысқан. Далалық жұмыстарды супервайзерлер мен ҚПЗО жоба менеджерлері бақылауда
алған, осы мамандар жоғарыда атаған бақылау жұмыстарын толығымен атқарған. Бақылау
жұмыстары барысында жүргізілген сауалнама бойынша жазылған аудиожазбаны толық
тыңдап, тексерген.
Сарапшылармен жүргізілген терең сұхбат
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан, егде жастағы адамдарға
арналған мекемелер/ орталықтардың мамандары, ҮЕҰ, медициналық, әлеуметтік,
мемлекеттік қарттарға қызмет көрсететін мамандар деңгейі, басшылар мен мамандар
қатысқан болатын. Терең сұхбатты ЮНФПА келісе отырып таңдалған кәсіби модераторлар
жүргізген. Жалпы әртүрлі салалар бойынша жұмыс істейтін 22 сарапшымен терең сұхбат
жүргізілген. Сарапшылар қатысқан сауалнамаға Министрліктер тарапынан,қарт адамдарға
көмектесетін әртүрлі мемлекеттік мекемелер, әртүрлі сала бойынша әрекет ететін ҮЕҰ
сарапшылары мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан мұғалімдер мен геронтологтар
сұхбатқа сарапшылар ретінде қатысқан болатын.
|