Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx



Pdf көрінісі
бет10/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95
Байланысты:
қарттар

Этикалық сұрақтар
 
Респонденттердің зерттеуге қатысуы жайлы ақпараттық келісімі
 
Ақпараттық келісімде зерттеудің мақсаты, сұрауда қатысудың тәуекелі мен 
артықшылықтары, орындалатын альтернативті рәсімдер, сонымен қоса сауалнамаға қатысу 
кезіндегі құпиялық пен ерікті қатысу жайлы айтылады. Модераторлар/ сұхбат алушылар 
сұхбатқа қатысушыларға ауызша ақпараттық келісімді оқып, зерттеудің мақсатын 
түсіндіргеннен кейін респонденттердің сұхбатқа қатысуға келісімдерін алады. Барлық 
қатысушылар зерттеуге қатысудың ерікті болатындығы жайлы ақпараттандырылған, ал 
оларға қатысты жеке ақпараттар қолданылмай, тек алынған ақпараттар жалпылама күйде 
қарастырылады. Сауалнамаға қатысуларға алдын ала олардың зерттеуге қатысуы немесе 
қатыспауы олар алып жатқан қызметтерге әсер етпейтіндігі айтылған, сонымен қоса 
жиналған ақпараттарға сарапшылық бағалау кезінде құпиялықтың сақталынатындығы мен 
ол ақпараттардың басқа тұлғаларға жарияланбайтындығы айтылған.
Бұл зерттеу зерттеуге қатысушы «нысандарға» әлсіз әсер етеді (күнделікті өмірде 
істелінетін стандартты әрекеттер, физикалық немесе психологиялық тексерілулер мен 
жаттығулар кезінде алынатын әсерлерден де төмен респонденттің денсаулығына әсер ету); 
зерттеуге қатысуға алатын келісімді жазуды қажет етпейді, сондықтан зерттеуге қатысуға
ақпараттандырылғандығы жайлы тек қана ауызша келісімі ғана алынады.
Ақпараттардың құпиялығы
 
Зерттеуге 
қатысу 
ерікті 
түрде 
жүргізіледі. 
Барлық 
қатысушылардан 
ақпараттандырылу жайлы келісімдері алынған. Зерттеуге қатысушыларға қатысты жеке 
ақпараттар сауалнамаға және зерттеу бойынша есеп құжатына жазылмайды. Әрбір 
қатысушыға арнайы, дара идентификациялық код берілген. Барлық дыбыс жазылымдары 
транскрипталған және бұғатталған. Барлық сұхбат нәтижелері жалпылама күйде 
ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет