Миға шабуыл» (әдіс) Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі64 Kb.
#198451
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
50 әдіс

«Кинометафора» әдісі Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады
«Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – басты мәселе, Балалы үйрек – бірлесу(кимге комектестим), Ортан терек – ойлану(билиим алдым) ,Шылдыр шүмек – шынайылық(сабак унадыма),Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы(чувства).
«Ашық микрофон» әдісіОқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
«Шахмат» әдісі Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу.
Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады.
Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
«Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос)Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.
«Ханшайым, айдаһар, Ханзада» сергіту сәті
Оқушының шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады.
Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып, бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.
«Сұрақ ілмегі» әдісіБұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет