Миға шабуыл» (әдіс) Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді



бет3/6
Дата22.12.2023
өлшемі64 Kb.
#198451
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
50 әдіс

«Кластер» әдісі Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
«Фишбоун» әдісі (постерде) Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
«Өрмекші» әдісі Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді
Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
«Үштік» әдіс Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады.
«Қар кесегі» Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
«Заряд алу» Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.
«Бұзық телефон» ойыны Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
«Бэкроним» әдісі Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет