«Жалғасын тап» сергіту сәті Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.
«Буклет» әдісі Бұл әдіс топпен жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі.
«Тормоз» ойыны Шеңберде тұрып, ретімен саналады. Жүргізуші өз санын айтып, санын шапалақтайды, барлығы солай қайталайды. Сосын басқа әріптестің санын айтады, сол кезде сол әріптес әрі қарай жалғастыру керек.
«Шеринг» әдісі Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.
Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.
«Ит па, мысық па?» ойыны
Сергіту сәті Барлығы шеңберде тұрады, топ 2 шағын топқа бөлінеді. Жүргізуші сол жағына «Ит па?», ал оң жағына «Мысық па?» деп сұрақ жібереді. Жіберген сұрақ тез, жылдам келсе, жүргізуші растап, «Ия, ит» немесе «Ия, мысық» деп жауабын жібереді. Қай топтан тез жауап келсе, сол топ ұтады.
«Эйлер шеңбері» әдісі А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.
«МИКС» жаттығуы Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.
«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау.
Тақырып бойынша ойларды түйінделеді.
Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.
«Кувёртка» әдісі А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.
«Желпуіш» әдісі (Веер) А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.
«Ұшақ» әдісі Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру
Идеялар талқыланады, жинақталады
«Жасырын сөздер» ойыны1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |