SMART-мақсаттарМақсат құруда нақты, өлшемді, қол жетімді, шынайылыққа негіздеу.S(максат),M(жетистикке жеткенимди калай тусинемин?),A(калай жетк?),R(Не ушин?),T(уакыт)
«Мюллердің ғажайып саны» тәсілі 7±2=5\9 формуласы арқылы мақсат құрудағы сөйлемнің көлемі 5-9 сөзден аспау керек.
«Константинополь» (Ыстамбул) ойыны Берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек
SWOT – талдау Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
«Кейс – стади» әдісіЖұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.
«Дауыстап ойлау» әдісі Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісіТақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.
«Ыстық орындық -1, 2» әдісі Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.
«Бір минуттық әңгіме» тәсіліОқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.