Жунусбаева Марал Тұрмысовна қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша оқу ісінің меңгеушісі Тақырыбы



Дата18.02.2017
өлшемі61,2 Kb.
#10091
түріСабақ
Жунусбаева Марал Тұрмысовна

қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша оқу ісінің меңгеушісі
Тақырыбы: Дифференциациялдық оқыту үрдісіндегі сабақтың құрылымы

Мақсаты: Дифференциациялдық оқыту үрдісіндегі сабақ құрылымын қолдану барысындағы сабақтың ұйымдастырылуына сараптама жасау және дифференциалдық оқытудың жағымды және жағымсыз жақтарына баға беру.

Міндеттер:

  1. Дифференциациялық оқытудың жүйесі

  2. Сабақ құрылымындағы құзыреттіліктердің қалыптастырылу жолдары

  3. Мұғалімдердің сабақтарына қатысудағы мақсат және сабаққа қойылатын талаптар

  4. Қатысқан сабақтарға талдау

  5. Дифференциалдық оқытудың жағымды және жағымсыз жақтарына баға беру

І. Дифференциалдық оқыту дегеніміз – оқушылардың жекеленген-писхологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлу, яғни әр оқушыны жекеленген қабілетіне қарай топтастыру. Бұндай оқытудың негізінде шығармашылық тұлғаның бойына өмірлік қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруымыз қажет.


ІІ. Дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі ерекшеліктерге қарай бөледі,

1.Психологиялық ерекшеліктеріне қарай

2. Оқу үлгерімі бойынша бөлу

3. бағдарына қарай бөлу.

Біздің дифференциациямыз бағдар бойынша бөлінген, бірақ оқушыларды топтастырғанда оқу үлгеріміне көбірек мән бердік те, мұғалімдермен келісе отырып, бөлдік.

Дифференциалды оқыту негізінде біз мемлкеттік стандартқа сәйкес үш топқа бөлдік,



/ базалық, кеңейтілген, тереңдетілген/. Осыған сәйкес әр топтың өз деңгейіне сай оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, тапсырмалар, бақылау жұмыстары құрастырылды. Базалық топтағы оқушыларға тапсырмалар репродуктивті түрде беріледі, кеңейтілген топқа сол тақырыпты кеңейтіп, алған білімдерін қолдануға байланысты тапсырмалар беріледі, тереңдетілген топтарға тапсырмалар шығармашылық тұрғыдан беріледі. Әр топтарға І айға немесе І тарауға құрастырылған оқу жоспарлары бойынша соңынан міндетті түрде бақылау жұмыстары алынып, әр пәннің өздері жасаған бағалау критериялары бойынша.бағаланады.

ІІІ. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі.

Ал Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Олай болса, мұғалімнің міндеті оқушыларды қоғамның қажеттілігін өтей алатын біліммен қаруландыру. Рудик бойынша айтсақ, өмірге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды, сондықтан қазіргі уақытта бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осыған байланысты біздің ұжымның басты мақсаты-оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Сол мақсатпен біз сабақ құрылымын алдымен үш құзыреттілікке бағыттадық.
1. мәселені шешу – мұғалімнің шеберлігінен көрінеді, себебі, сабақтың құрылымында мақсат нақты қойылса, оған байланысты проблемалық сұрақ тақырыпты ашуға дұрыс бағытталса, мәселені шешу құзыреттілігі де дұрыс қалыптасады.

2. Ақпаратпен жұмыс – тапсырмалардың нақты болуына және топтағы оқушылардың жұмысына байланысты, ол үшін мұғалім тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет, оқушы тапсырманы алғаннан соң, ешбір сұрақ қоймай бірден түсініп, өздігінен орындап берсе, ол дұрыс құрастырылған, ал керісінше оқушы сұрақ қойып, мұғалім тапсырманың орындалуын түсіндіріп берсе, онда тапсырманың құрылымы дұрыс емес. Сондықтан әр тапсырма оқушының деңгейіне сай болуы керек, немесе топтағы оқушылардың деңгейіне сай болуы керек.

3. Коммуникативтік құзыреттілік- бұл да мұғалімнің шеберлігіне және технологияны тиімді пайдалануына байланысты, ең бастысы оқушылардың топта және жұпта жұмыс істеуіне байланысты.

4. Оқу жоспарын 1 айға немесе 1тарауға құрған себебіміз, дифференциалдық оқытуды бірден енгізу қиын, сондықтан әр пән мұғалімдері айға немесе тарауға жоспар құрып, сол бойынша оқушылардың білім сапасын бақылау бойынша текерістен өткізіп отырды және құрастырылған жоспар негізінде ай сайын оқу жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырды.

технология, бағалау , үй тапсырмасының нормасы Сабақ құрылымының ішінде сарапталады.
Дамыта оқытудың сабақ құрылымы оқу жылының басында мұғалімдерге түсіндіріліп берілген болатын, сол бойынша топтардағы сабақтың ұйымдастырылу барысын көру үшін бірнеше сабақтарға қатыстық

Бұл сабақтың құрылымында білім оқушыларға дайын күйінде берілмей, проблеманы шешу түрінде беріледі, соның ішінде өздігінен шешуге. Сонда, Білім оқытудың мақсаты емес, проблеманы шешу құралы болу керек. Яғни алатын білімнің проблеманы шешу үшін қажет екендігін оқушы түсіну керек, сонда ғана оның қызығушылығы және белсенділігі артады. Оқушылар топқа бөлініп, проблеманы шешу үшін қажетті ақпаратпен жұмыс жасау керек, іздену керек, топтың ішінде талдап, шешу жолдарын қорытып, анализ жасау керек. Ал мұғалім тек қана керек кезінде барып, көмек беруіне болады.


Жоғарыда аталып өткен үш құзыреттілік қалай жүзеге асырылғандығын, мұғалімдердің белсенділіктері қай жерде көрінгендігіне тоқталар болсақ, ол үш деңгейде бағаланды

  1. мұғалімнің көмегімен;

  2. мұғалімнің бағытымен;

  3. оқушылардың өздігінен;

Әкімшілік тарапынан осы үш құзыреттілікті қалыптастыру барысындағы ұйымдастырлыған сабақтарға қатысудағы қорытындыға келетін болсақ. Мұғалімдердің жалпы бет алысы өте жақсы, берілген сабақтың құрылымы бойынша бірнеше мұғалімдер өте жақсы деген бағаға сабақ берді. Атап өтсек, 21.09 өткен 9сыныптағы тарих сабағы, Шегенова З, 15.09 өткен 8 кеңейтілген қазақ тілі Кайрат А, 19.10

9 кеңейтілген биология Асанова Ш., 21.11 өткен 10 кеңейтілген химия, Маманова С., математика 9 терңдетілген Джумашева Д., Орташа деңгейде сабақ берген мұғалімдер: физика 10 кеңейтілген Алдабергенова А.К., химия Тұрсынова Н. 9 базалық,, базалық болғанменен өздеріне сай тапсырма берілді, оқушылар мұғалімнің бағытымен жақсы жұмыс жасады, бірақ базалық топ болғандықтан тапсырмаларды орындауға көп уақыт кеткендіктен уақыт жетпей қалды, жалпы сабақтың құрылымы дұрыс, орыс әдебиеті 8 кеңейтілген, Саденова О, 10 кеңейтілген физика Жумабекова Б, 10 базалық топта математика Ергалиева М.С. 9 тереңдетілген Бержанова С.С. т.б. Ал енді кейбір сабақтарда әлі де болса, дәстүрлі сабақтар өтті деуге болады, ол сабақтарда мәселені шешу, тақырыпқа шығу, мақсат қою орын алмаған, бірақ ақпаратпен жұмыс жасалынды. 8 тереңдетілген қазақ тілі Окпина Б.М, 10 кеңейтілген қазақ тілі Касыбаева М. 9 базалық Жармагомбетова Д.Д.,10 базалық Зылғарин Н.М.., 10 тереңдетілген Текенов А.А..

Жалпы қорытындылай келе ақпаратпен жұмыс барлық сабақтарда болды, бірақ тапсырмалардың құрылымының дұрыс болмауы салдарынан мұғалімнің көмегімен атқарылып отырды. Тақырыпқа шығып, мақсат қою көп мұғалімдерде болған жоқ, мұғалімдер көбінесе өздері айтып береді, не болмаса, тақтаға жазып қояды, бұдан кейбір мұғалімдер сабақтың құрылымын дұрыс пайдаланбағандығын көрсетеді., ол жаңағы айтып кеткен дәстүрлі тұрғыда сабақ берген мұғалімдерден көрінді.

Коммуникативтік құзыреттілік ол да кейбір сабақтарда көрініс берді, бірақ топта жұмыс жасау, жұпта жұмыс жасау дұрыс бағытталмаған сабақтар болды, оның себебі, мұғалімдер оқушылардың топта жұмыс жасаудың дұрыс жолын білмегендіктен, ол сабаққа талдау жасалғанда әр мұғалімнің өздеріне айтылды. Ал топта және жұпта жұмыс жасаудың жолдарын білу үшін технологияны дұрыс таңдап, тиімді пайдалану керек.

Енді сабақ барысындағы топтарға тоқталатын болсақ, кеңейтілген, тереңдетілген топтағы оқушылардың білім сапасы жоғары, ал базалық топтағы оқушылардың білім сапасы төмен екендігін көрдік, ол оқушылардың қабілетіне байланысты, десек те біздің мақсатымыз базалық топтағы оқушыларды жоғарғы деңгейдегі оқушылардың қатарына қосу, яғни базалық топ болмауы керек.
Үш бағалау бойынша әр айға сараптама жасап кетсек:

Қыркүйек ақпаратпен жұмыс - 50

Мәселені шешу- 32

Коммуникативтік құзыреттілік- 18

Қазан ақпаратпен жұмыс - 65

Мәселені шешу- 40

Коммуникативтік құзыреттілік- 30
Қараша ақпаратпен жұмыс - 95

Мәселені шешу-50



Коммуникативтік құзыреттілік- 30
5. Қорыта келгенде Дифференциалдық оқытудағы үш құзыреттілікті қалыптастырудың маңыздылығы- қазіргі қиын жағдайдағы заманауи өмірдегі кез келген мәселені оқушылардың өздігінен шешу біліктіліктерінің жоғары болуында. Егер мұғалім әр сабағында оқушыны ойландыруға көңіл бөлмесе, онда оқушылар шығармашыл тұлға болып қалыптаса алмайды. Ол үшін мақсат нақты қойылу керек және сол мақсатқа жетудегі тапсырмалардың құрылымы дұрыс болуы керек.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет