Микробиология Аралық бақылау 1


Асқазан ішек жолдарының микрофлорасы. Лактобактериялар мен бифидобактериялардың маңызы. Адам тіршілігіндегі маңызы



бет6/26
Дата21.04.2023
өлшемі2,79 Mb.
#175120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
1 Аралық бақылау фармация
Диф зачет сурактары
Асқазан ішек жолдарының микрофлорасы. Лактобактериялар мен бифидобактериялардың маңызы. Адам тіршілігіндегі маңызы.

Адамның қалыпты микрофлорасы - белгілі бір қатынастармен және тіршілік ету орталарымен сипатталатын көптеген микробиоценоздардың жиынтығы.
Адам ағзасында өмір сүру жағдайына сәйкес белгілі микробиоценоздары бар биотоптар түзіледі.
Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді.Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе - тең (эубиоз) жағдайда болады. Әр түрлі биотоптардың қалыпты микрофлорасын ажыратады: тері, ауыз қуысының шырышты қабаты, жоғарғы тыныс жолдары, ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері.
Қалыпты микрофлораның түрлері:
1) Резидентті –организмде тұрақты болатын микроорганизмдер.-;
2) Өтпелі немесе тұрақсыз - уақытша жабық, берілген биотопқа тән емес; ол белсенді емес көбейеді, организмде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз
Қалыпты микрофлора туылғаннан бастап қалыптасады. Оның пайда болуына ананың микрофлорасы және қоршаған орта, тамақтану т.б әсер етеді.
2. Қалыпты микрофлораның күйіне әсер ететін факторлар.
1. Эндогендік:
1) организмнің секреторлық қызметі;
2) гормоналді күйі ;
3) қышқылдық күйі.
2. Экзогендік өмір жағдайлары (климаттық, тұрмыстық, экологиялық).
Адам организмі және оның қалыпты микрофлорасы ортақ экологиялық жүйені -эндоэкология құрайды. Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды, оның көпшілігі облигатты анаэробтар. Қалыпты микрофлораны құрайтын микрорганизмдер әртүрлі әсерге төзімді биологиялық үлбір түзеді. Бұл полисахарид қаңқасы микробтық жасуша полисахаридтерінен және муциннен тұрады. Онда қалыпты микрофлораның жасушаларының микроколониялары бар. Биологиялық үлбір қалыңдығы 0,1-0,5 мм. Онда бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін микроколониялар орналасқан . Бактерияларға арналған биологиялық үлбірдің түзілуі қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. Оның ішіндегі бактериялар химиялық және физикалық факторларға төзімді келеді.
Ас қорыту трактінің микрофлорасы .Микроорганизмдер ас қорыту жолдарының қуысында еркін өмір сүреді, сонымен қатар шырышты қабықшаларды колонизациялайды.
Асқазан-ішек жолдарының барлық бөлігінде микробиоценоздың құрамымен айтарлықтай ерекшеленетін бірнеше биотоптар ерекшеленеді, бұл оның тиісті бөлімдерінің әртүрлі морфологиялық, функционалдық және биохимиялық сипаттамаларымен байланысты.
Сау адамдарда ас қорту микрофлорасы өте аз, ол сілекеймен және тамақпен бірге келетін микроорганизмдерден тұрады. Оның проксимальды бөлігінен ауыз қуысы мен жұтқыншақтың микрофлорасына тән бактерияларды, дистальды бөліктерден - стафилококктарды, дифтероидтарды, сүт қышқылды бактерияларды кездестіруге болады.

Ауыз қуысы микрофлорасы. Онда актиномицеттер, бактериоидтар, бифидобактериялар, эубактериялар, фузобактериялар, лактобактериялар, гемофильді бациллалар, лептотричиялар, нейссериялар, спирохеталар, стрептококктар, стафилококктар, вейлонеллар және Candida тұқымдасының басқа қарапайымдылары мекендейді. 1мл сілекейде 108 бактерия мекендейді.Ауыз қуысының микробиотасының көп бөлігі анаэробты түрлерге жатады.


Асқазанның микрофлорасы лактобактериялар мен ашытқы, грамм теріс бактериялармен ұсынылған. Гастрит, асқазан жарасы, бактериялардың формалары - патологиялық процестің этиологиялық факторлары болып табылатын Helicobacter pylori кездеседі.

Аш ішекте микроорганизмдер асқазанға қарағанда көп; мұнда бифидобактериялар, клостридиялар, эубактериялар, лактобактериялар, анаэробты кокктар кездеседі.


Микроорганизмдердің ең көп мөлшері тоқ ішекте жиналады. Микроорганизмдердің барлық түрлерінің 95% -ы анаэробтар. Тоқ ішек микрофлорасының негізгі өкілдері: грамоң анаэробты бациллалар (бифидобактериялар, лактобактериялар, эубактериялар); спора түзетін анаэробты таяқшалар (клостридиялар, перфрингендер және т.б.); энтерококктар; грамтеріс анаэробты таяқшалар (бактероидтар); Грамоң факультативті анаэробты бациллалар (E. coli және ұқсас бактериялар.

  1. Антигендер, «антиген» туралы түсінік. Антигендердің химиялық табиғаты. Антигендердің негізгі белгілері. Толық және толық емес антигендер. Антигендердің ерекшеліктері. Детерминаннты топтардың химиялық табиғаты.

Антигендер (antigen; көне грекше: anti — карсы; көне грекше: genesis — шығу тегі) — қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға, адам жұқпалы аурулардың қоздырғышымен залалданғанда, адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.[1]

Антигендер — гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына — белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір биологиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Физико-химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық (мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалы токсиндер мен ферментер) болып бөлінеді. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты. Көпшілік Антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар к ө п немесе бір валентті бола алады. Егер мұндай антигендердің құрамында бөтен заттар болмаса, оларды д а р а Антигендер деп атайды. Антигендердің иммундық жауап туғызуын күшейту үшін оларды кейде минерал майына немесе басқа бір инертті қосымша әсерсіз заттарға қосады (депанентті Антигендер) Антигендердің тағы бір түрі — белгілі (енді) Антигендер. Олардың мо- лекулаларына радиоактивті изотоптар, ауыр металл атомдары, флюоресцентті бояулар енгізіледі, сондықтан олар морфологиялық және серологиялық зерттеулерде өте жақсы көрінетін болады.


Антиген− организмде антидене пайда болуын және иммундық жауаптың басқа түрлерін тудыра алатын, сонымен қатар антиденелермен және антигентаныстырушы жасушалармен әрекеттесе алатын химиялық топтасуға тән генетикалық бөгде зат (нәруыз, полисахарид, липополисахарид, липопротеин, нуклеопротеин).

Антигендердің организмге енуі және олардың иммундық жүйемен кездесуі сатылап өтіп, біраз мерзімге созылады. Антиген ағзаға кірген және тараған кезеңдерінде иммунитеттің организмде кең тараған әр түрлі факторларының қуатты қарсыласуымен үнемі кездесіп отырады.


Антигеннің организмге енуі мен тарауның әр түрлі тәсілдері бар. Олар организмнің өз бойынан (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шығу тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша экзогендік антигендер организмге мынандай жолдармен енуі мүмкін:


1) тері және шырышты қабықша арқылы (жара, микрожарақат, жәндік шағуы, қасыну т.б.);


2) ішек-қарын жүйесі арқылы сіңірілуі (эпителиалдық жасушалардың эндоцитозы);


3) жасуша арасындағы саңлау арқылы (аяқталмаған фагоцитозда, не болмаса жасуша ішінде өсетін облигаттық паразиттердің көмегімен);


4) тікелей жасуша арқылы (жасуша арқылы тарайтын облигатты паразиттер, мысалы-вирустар).


Антиген организмде лимфа (лимфогендік жол) және қанмен (гематогендік жол) басқа ағзаларға, тіндерге тарайды. Антигеннің организмге тарауы белгілі бір ретпен жүреді, ол көбінесе лимфа түйіншектерінде, бауырдың лимфоидтық тінінде, көк бауырда, өкпеде және басқа ағзаларда сүзіліп, сол жерлерде иммундық қорғаныс факторларымен қатынасқа түседі. Ол факторлардың жауабы ретінде антигендер бейтараптанып организмнен тысқа шығарылады. Бұл процесс жүрген кезде бірінші күрес бастаушы тұқым қуалайтын иммунитеттің факторлары болады, олардың күрделігіне және де әр түрлілігіне қарамастан белсенділігін арттыруына ұзақ уақыт керек емес. Егерде антиген 4 сағаттың арасында бейтарапталып тысқа шығарылмаса, онда иммунитеттің жүре пайда болған жүйесінің факторлары іске кіріседі. Олардың әсерінің нәтижелігі «өзімдік-бөтен» спецификалықты тану және де реттеуші әрі иммундық қорғау факторларын (спецификалық антидене, антиген, реактивті лимфоциттердің клоны) бөліп шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Процеске қатысу дәрежесіне қарамастан макроорганизмнің иммунды қорғанысының барлық буыны мен деңгейінің ақтық тиімділігі мыналарға бағытталған: антиген молекуласының белсенді учаскесін байланыстыру; антигенді бұзу, не бөліп тастау; толық ыдырату, оқшаулау (капсуламен қоршау), не болмаса антигеннің қалдығын макроорганизмнен шығару.


Адамда антигенді анықтамаған кезде, плазмадағы жасушалар арнайы антигенге қарсы тұру үшін жеткілікті антиденелерді генерациялауға дейін екі апта кете алады. Инфекция бақыланатын болса, антиденелердің өндірісі төмендейді және айналымда антиденелердің шағын үлгісі қалады. Егер бұл ерекше антиген қайтадан пайда болса, антиденелерге қарсы әрекет әлдеқайда жылдам әрі күшті болады.


Айта келгенде гомеостаз толық немесе жартылай қалпына келтіріледі. Сонымен қатарласып иммундық еске сақту, толеранттық, немесе аллергия пайда болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет