Микробты биоценоз туралы түсінік. Биоценоздағы микробтар арасындағы өзара байланыс формалары.
Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1]; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.[2]
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдердің жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.[3] Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
продуценттер (өндірушілер);
консументтер (тұтынушылар);
редуценттер (ыдыратушылар).
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор.
Көптеген организмдердің табиғи мекендейтін жерлері-су, топырақ және ауа. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде өмір сүретін микроорганизмдердің саны әлдеқайда аз. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) -табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан түрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет үсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж.). Биоценоз қүрамындағы организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын биоценотиқалық түрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады.
Биоценоз трофикалық сипаты түрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз үғымы көбінесе зерттелетін объектінің қүрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функ-циясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көп түрлілік құрылым, 4) биогенді элемештер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің карым-катынастарын толық қарастырады.
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-катынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-катынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен жануарлар арасында болды.
Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, түрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі.
Жыртқыштық. Жыртқыштық түрлер арасында болатын карым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде корек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.Жыртқыштык организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып үстауы кажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген корғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады.
Паразитизм. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиттік қүбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бүл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқүлақ, қарапайымдылар, қүрттар арасында жиі кездеседі.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі.
Комменсализм. Немесе арамтамақтық күбылыс. Бүл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау қүралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады.
Мутуализм. Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуде. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе күмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.
Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы түқымдарын кеңістікке тарату күбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының үзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, кыл-шықтар пайда больш олар қүстар, сүт қоректілердің, басқа да жән- ' діктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік түқымдарының бүл жолмен таралуын -эктозоохария дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің түқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохариялық таралу жолы деп атайды.
Аллеопатия. Бүл организмдердің денесінен өзіне тән химиялык өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдік-терден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді. Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жеркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды.
Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына карсы немесе еліктіргіш сигнал беру касиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организм де бөледі. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін – амменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір қүмырсқалар көршілес қүмырсқа илеулерінен жүмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бүл қүбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.
Адамның қалыпты микрофлорасы микро — және макроағзалардың даму кезінде қалыптасқан. Жеке ағзалар мен ағза қуыстарында тіршілік ететін микробты түрлердің жиынтығы биоценоз деп аталады. Биоценоздың бұзылуы, әсіресе ауру туындататын микроағзалардың ағзада пайда болуы аурудың дамуын туындатады.
Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды.
Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді., иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады, витаминдер синтездейді. Қалыпты микрофлораның кейбір өкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе өздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді, тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді.
Микроорганизмдер 6ip-6ipiмен өзара әртурлі катынастарда болады. әртүрлi eкi организмдерждің 6ipre тіршілік eтyi-симбиоз деп аталады. Пайдалы өзара катынастардың бірнеше варианты бар:метабиоз, мутуализм, комменсализм,сателлизм .
Метабиоз-бipeyi екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы.
Метабиозга нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажеты аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.
Мутуализм - әртурлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозга мүктер,саңырауқулақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалык
заттарды алып, саңырауқұлақ балдырларға минералды тұздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.
Комменсализм (лат.-kommensalis -6ipгe тамақтанушы) әртурлi даралардың 6ipreтіршілік eтyi, мұндай симбиозда бip түр басқасына зиянын тигізбей өзiнe пайда түсіреді Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады.
Сателлизм - 6ip микробтың әсерінен eкінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың есуiн ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |