Споралар. Орналасуы. Спора түзілу процесі. Капсула. Химиялық құрамы. Қызметтері. Қосындылар. Химиялық құрамы, маңызы.
Спора (грекше «спорос» – сеппе, екпе) - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша.[1]
1) балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі. Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтарымен суда қозғалып жүретін спора лар зооспоралар деп аталады. Хлореллада талшығы жоқ автоспоралар, қызыл балдырларда – тетроспорангийде талшығы жоқ тетраспоралар, моноспорангийде талшығы жоқ моноспора түзіледі. Саңырауқұлақтарда да спорангийде – спора, суда өсетіндерінің зооспорангийлерінде зооспоралар жетіледі. Балдырлар мен саңырауқұлақтардың зооспорангийлері мен спорангийлері бір клеткадан түзіледі.
Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде (тамыры, сабағы, жапырағы бар) жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады. Жыныссыз ұрпағында көп клеткалы спорангийде жетіліп, олардың әрқайсысы жыныстық мүшелері не жыныстық клеткалары жетілетін өскіншеге айналады. Спора сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан өнбей қалатындықтан, өте көп болып түзіледі. Саңырауқұлақтар жыныссыз көбею кезінде конидий сағақтарынан (жіпше) бөлініп, бір, екі және көп клеткалы споралар түзіледі. Өсімдіктердің көбеюінде споралар маңызды рөл атқарады. Кейбір төм. сатыдағы өсімдіктер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтану үшін спора түзеді.
2) Қарапайымдардың паразитті тіршілік ететін споралылар класының бір не көп клеткалы, сырты тығыз қабықпен қоршалған тұқымы. Ол көбеюге, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына төзуге мүмкіндік береді.
Споратүзу - көбею кезінде спора түзетін өсу жолы. Спора - қалың, көбінесе қосарланған қабықша қаптаған арнайы бағытқа бағытталған жасуша.Олар саңырауқұлақтарда және көптеген өсімдіктерде түзілерді, сондықтан оларды споралылар дейді. Споралар қабықшамен қапталған, өйткені тек қана көбею үшін емес, сондай-ақ жаңа жерге орналасу үшін де жиі қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |