Микробиология


- сурет. Зарарсыздандыру қондырғылары



бет46/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

3- сурет. Зарарсыздандыру қондырғылары:
а – Пастер пеші; б – Кох қайнатқышы


Қаныққан буда қысыммен зарарсыздандыру – ең төзімді споралардың жойылуына әкелетін тез, әрі сенімді зарарсыздандыру әдісі. Бұл әдіспен көптеген қоректік орталар мен ыдыстарды зарарсыздандырады. Қаныққан буда өңдеу герметикалық жабылатын қалың қабатты қазан – автоклавта жүргізіледі. Қақпағында немесе жанында бу шығатын краны, манометр және сақтандырғыш клапаны болады. Манометр қазанның ішіндегі бу қысымын көрсетеді. Қысым белгіленген көрсеткіштен асып кеткен жағдайда жарылысты болдырмау үшін бу шығаратын сақтандырғыш клапанды қондырады.
Манометр көрсеткіші физикалық атмосферада белгілі бір температураға сәйкес келеді:
Атмосферадағы қысым температура °С
0,5 115
1 120
1,5 127
2,0 133
С енімді зарарсыздандыру 120°С температурада (1 атм. қысым) 20 минутта жүреді. Зарарсыздандыру былай жүреді: автоклавқа су құяды, оған зарарсыздандырылатын заттар орнатады да, қақпағын жауып, токқа қосады. Кранды қазанның ішінде ауа шыққанға дейін ашып қояды, қазандағы ауа судың бумен ығыстырлып шыға бастағанда краннан бу шығады. Кранды жауып, қысымды 1 атмосфераға жеткізеді және осы деңгейде 20-30 минут ұстайды. Уақыт өткен соң қыздыруды тоқтатады, манометрдің көрсеткіші 0 –ге жеткенде кранды ашып, буды шығарады. Бу шығарылып біткен соң, автоклавтың қақпағын ашады. Егер кранды автоклавтағы қысым төмендегенге дейін ашса, онда ыдыстағы сұйықтықтар қайнап, аузындағы тығындарын шығарып тастауы мүмкін. Автоклавты бөлшектеп зарарсыздандыруда пайдалануға болады, ол үшін бу шығып тұру үшін қақпаған толық жаппайды.


4- сурет. Автоклав сызбанұсқасы:
1 –автоклавқа су құятын сүзгі
2 - сақтандырғыш клапан;
3 - манометр;
4 - автоклавтың қақпағы;
5 - булы камера;
6 – ауа шығаратын кран;
7 - залалсыздандыратын камераға бу өткізетін тесік;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет