Микробиология



бет49/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Себу техникасы. Себуді (немесе қайта себуді) әрқашан спиртшамның жанында жүргізеді. Микроағзалар жасушасын пробиркадан пробиркаға себу кезінде екі пробирканы (біріншісі — культурамен, екіншісі — зарарсыздандырылған қоректік ортасымен) сол қолымен ұстап тұрады. Бір пробирканы сұқ және ортаңғы саусақпен қысады (бірінші пробирканы). Оның төменгі бөлігі бас бармақтың сол жағында еркін жатады. Екінші пробирканы ортаңғы және төртінші саусақтың арасында қысады. Ол бірінші пробиркаға параллель жатуы тиіс. Жұғындыны алатын кезде пробиркаларды еңкейтіп ұстау культуралардың залалсыздығын қамтамасыз етеді. Егер пробиркаларды вертикальды жағдайда ұстаса ауадан бөтен микроағзалардың жасушалары түсуі мүмкін. Спиртшамның жалынында бактериологиялық инелерді (ілмектерді) қақтап, оң қолыңмен ұстап тұру қажет. Оң қолдағы бесінші саусақпен екінші пробирканың мақталы тығынын алып, оны сол саусақпен алақанның арасында қысып ұстайды. Бірінші пробирканың тығынын оң қолдағы ортаңғы және төртінші саусақтың арасында қысады. Инені қайтадан қақтап, оны культурасы бар пробиркаға салады. Платиналы ине тез суыйды. Оны микроағзалардың колониясына ақырын жанастырып, аздаған мөлшерде микроб массасын алып, екінші пробиркаға салады. Қатты қиғаш суытылған ортаға инемен культураны жеңіл қимылмен, ортаны зақымдамай, оның бетіне тура немесе толқын тәрізді сызық жүргізеді — штрихтап себу. Қоректік ортаға тік бағаналы себу жүргізгенде инені ортаның ортаңғы бөлігіндегі терең қабатқа енгізеді — уколмен себу. Сұйық ортаға сепкенде (немесе сұйық ортадан) тығынды және пробирканың шеттерін суламай пробирканы әлсіз еңкейтеді. Пробиркалардың аузын жаппас бұрын тығындарды жалында қақтап алады. Алдымен бірінші пробирканы, сонан соң екіншісін жапқан ыңғайлы.
Микроағзаларды сақтау. Зертханалық жағдайда ұзақ уақыт сақтау кезінде микроағзалардың жекелеген физиологиялық - биохимиялық немесе морфологиялық ерекшеліктері өзгереді. Сондықтан оны болдырмас үшін культураны таза және тіршілікке қабілетті жағдайында сақтау қажет. Сақтаудың дәстүрлі әдісі пассаждау (субкуль­тивациялау), яғни, микроағзаның түріне, орта және сақтау жағдайында байланысты белгілі бір уақыт аралығында жаңа қоректік ортаға қайта себу. Микроағзалардың бір түрі жиі қайта себуді талап етсе, енді біреулері бір айдан астам уақытта қайта себуді қажет етпейді. Сақтаудың мұндай үдерісінде ортаның кеуіп қалуын болдырмау қажет. Ол үшін культурасы бар пробирканы қағазбен немесе пленкамен орап, тіршілік әрекеті баяулайтын жағдайда сақтайды, мысалы, 5—8°С тоңазытқышта. Культураларды сақтаудың бірқатар басқа да тәсілдері бар: залалсызданған вазелин майының астында; сұйық азоты бар ампулаларда; лиофилді жағдайда немесе мұздаған күйі кептіру. Спора түзуші бактериялар зарарсыздандырылған құрғақ топырақтарда немесе тиісті ортада жылдар бойы сақталуы мүмкін.
С.Н.Виноградский микробиология практикасына кейбір микроағзалар тобына арналған элективті (таңдаулы) қоректік ортаны енгізді. Микробтардың тобының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес (қоректік орта құрамы, оның қышқылдығы, аэрация жағдайы, температура және т.б.) осы ағзалар тобы ғана өсе алатын жағдайды таңдап алуға болады. Бұл зертхана және өндірістік жағдайда қоректік ортаны алдын-ала зарарсыздандырмай-ақ әртүрлі микробиологиялық үдерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Элективті орталарға мысалы азотсіңіруші немесе нитрификаторларды бөліп алуға арналған орталарды алуға болады. Бұл орталарды ең бастысы микроағзаларды табиғи мекен ету ортасынан бөліп алу және жинақтаушы культураларды өсіру үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет