Микробиология


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет41/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Вирус дегеніміз не?
2. Вирустардың басқа микроағзалардан айырмашылығы?
3. Вирулентті фаг дегеніміз не?
4. Лизогенді бактерияларда фагтар қалай тіршілік етеді?
5. Бактерияларды фагтардың танып білуі қандай қасиеттеріне негізделген?
6. Бактерия жасушасын фагтар қандай өзгерістерге ұшыратады?
7. Өсімдіктер мен жануарлардың вирустық аурулары.

5 зертханалық сабақ




Тақырыбы: Микроб клеткасына цитохимиялық талдау жасау әдісітері
Мақсаты: Студенттерге микроағзалардан препараттарды дайындау, бекіту және бояу тәсілдерін үйрету.
Қажетті материалдар: Микроскоп, спирт шамы, жабынды және заттық шынылар, спирт, фильтр қағазы, микробиологиялық ілмек, бактериялардың таза культуралары, бояулар және бояулар (генцианвиолет, метилен күлгін, люголь ерітіндісі, фуксин және т.б.).


Препарат даярлау үшін культураларда алу. Спиртшам жалынында әбден қақталған микробиологиялық ілмекпен пробиркадағы немесе Петри табақшасындағы микроағзаны азғана іліп алады. Микробты пробиркадан алу кезінде пробирканы спиртшам жалынына таяп, оны жалынға қарып, оның тығынын оң қол саусағымен қысып алып ашады. Егер культураны сұйық ортадан алса, онда пробиканы сұйық қоректік орта төгіліп кетпейтіндей етіп еңкейту керек.
Микроағзалармен тірілей зерттеу жүргізу үшін жаншылған және аспа тамшылар әдісін қолданады.
Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық шынының бетіне су тамызып, оған ілмекпен микроб культурасын салып, араластырады да, жабын шынымен ауа көпіршіктерін қалдырмай жабады. Шыны таяқшамен жабын шыныны заттық шыныға жанши қысады. Артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады.
Аспа тамшы әдісі. Микроағзаларды ұзақ бақылағанда аспа тамшы әдісі қолданылады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе физиологиялық ерітіндіде дайындалған микроб суспензиясын жабын шынының бетіне тамызады. Содан соң жабын шынының ортасында ойығы бар заттық шыныға аударады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын шынының айналасын вазелинмен қымтап жабады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет