Микробиология



бет43/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Позитивті бояулармен микроағзалардың тікелей жасушаларын немесе басқа нысандарды бояйды. Микробиологияда қолданылатын бояулардың көпшілігі позитивті бояуларға жатқызылады. Олар жасушаларды бөлме температурасында 30—60 с. ішінде бояйды.
Негативті бояулармен микроағзалардың жасушаларының сыртын қоршап жатқан кеңістікті бояйды. Нәтижесінде боялған кеңістікте жасушалардың бейнесі анық көрінеді.
Бактерияларды Грам әдісімен бояу. Бұл әдісті 1884 ж. Дания ғалымы Грам ұсынған. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды грамоң және грамтеріс деп екі топқа бөледі. Мұның себебі мынада: грамоң бактериялардың жасуша қабығындағы қалың муреин қабатының болуына байланысты күлгін түс иодпен қосылғанда спиртте ерімейтін тұрақты қосылыс түзеді. Осылай боялған бактерия клеткаларына генциан күлгінді тамызып, артынан иодпен өңдеп, спиртте шайса бояуы кетпей, көкшіл –күлгін түске боялады. Мұндай микрағзаларды грмаоң деп атайды. Оларға мысалы: Bacillus subtilis, Clostridium pasteurianum және т.б. бактерияларды жатқызуға болады.
Кейбір бактериялардың жасуша қабығында муреин қабаты өте аз болады және оларды липопротеидтен тұратын екі қабат қоршап жатады да, генициан күлгін және иод оған өте жай енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, жасушадан шайылып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды қандай бояумен бояса, сондай бояу түсіне бояла береді. Мұндай бактерияларда грамтеріс деп атайды. Оларға Escherichia coli, Pseudomonas және т.б. бактерияларды жатқызуға болады.
Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындының бетін сүзгі қағазымен жабады да, оның үстіне генициан күлгін ерітіндісін құйып, 2-3 минут ұстайды. Сонан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да, 2 минуттай ұстайды. Осыдан соң препаратты сумен жуып, 96% спиртке 0,5-1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1-2 минут бояйды. Бояуды төгіп, препаратты тағы да жуады, сүзгі қағазымен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып, микроскоппен қарайды. Грамоң бактериялар күлгін түске боялса, грамтеріс бактериялар қызыл түсті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет