Микробиология



бет52/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Майсыздандырылған сүт. Қоректік ортаны дайындау үшін сүтті майдан айыру қажет (май микроағзалардың өсуіне кері әсер етеді). Ол үшін сүтті 34°С дейін қыздырылған сепаратордан өткізеді немесе сүтті тұндырып қояды. Зарарсыздандыру кезінде сүтті автоклавта ұзақ ұстауға болмайды, себебі сүттегі лактоза карамельге айналып кетеді. Сондай-ақ сүтте микроағзалардың споралары көп болады, олардан айырылу қажет.
Майсыздандырылған сүтті пробиркаларға құйып 115°С (0,5 атм. қысымда) 15 минут зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру алдында сүттің қышқылдығы 22° Тернерден аспауы қажет, өйткені одан артып кетсе, сүт іріп кетеді. Қыздыруға төзімді микроағзалардың споралары бар-жоғын білу үшін зарарсыздандырған сүтті 30°С температурадағы термостатқа үш күнге қояды. 3 күннен соң пробиркадағы сүттерді жақсылап қарап шығады, споралар өне бастаған пробиркаларды алып тастайды.


Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Микроағзаларды өсіру дегеніміз не?
2. Микроағзаларды қоректік ортаға себудің техникасы.
3. Қоректік орталардың қандай түрлерін білесіз?
4. Элективті орталарды қандай мақсатта қолданады?
5. Жинақтаушы орта дегеніміз не?
6. Микроағзаларды сақтаудың ережелері.
7. Табиғи және жасанды орталардың айырмашылығы.

8 Зертханалық сабақ




Тақырыбы: Су микрофлорасы.
Жұмыстың мақсаты: студенттерді судың коли-титрін анықтау әдістерімен таныстыру.
Қажетті материалдар: Дайын қоректік орталар, Петри табақшалары, пробиркалар, спирт шамы, спирт, фильтр қағазы, микробиологиялық ілмек.

Санитарлық – көрсеткіш микроағзалардың табылуы қоршаған ортаның патогенді микроағзалар мен биологиялық ластануының жанама көрсеткіші болып табылады. Олардың сандық есебі санитарлық-көрсеткіш микроағзалардың мөлшерінің деңгейін, яғни, патогенді микроағзалардың қандай да бір түрінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін ластану деңгейін көрсетеді.


Сандық талдау жасау үшін екі түрлі әдістер қолданылады: титр және индексті анықтау.
Титр – санитарлық – көрсеткіш микроағзалардың бір данасы табылған 1 г зерттелетін материалдың ең төменгі көлемі. Мысалы, судағы ішек таяқшасының титрін анықтау үшін (нысанның болжамды ластану дәрежесіне қарай 10 мл, 1 мл, 0,1мл, 0,01 мл және т.с.с.). әртүрлі көлемде сұйық қантты қоректік орталарға бірнеше себу жүргізеді. Олардағы ішек таяқшасының көбеюі қоректік орталардағы көмірсулардың қышқылдар мен газдарға дейін ыдырауы, яғни, ашу үдерісіне қарай анықталады. Қатты дифференциялды – диагностикалық орталарға қайта себу және өсіп шыққан колонияларды идентификациялау ішек таяқшасы қатысқан көлемді анықтауға көмектеседі, сонан соң арнайы кестенің көмегімен анықталады.
Индекс – зерттелетін нысанадағы белгілі бір көлемде (санда) табылған санитарлы – көрсеткіш микробтардың дара саны, су, сүт басқа да сұйық өнімдер үшін 1 л, топырақ және тағам өнімдері үшін 1 г. Индекс – титрге қарама-қарсы көлем, сондықтан титрді индекске және керісінше қайта есептеуді мынадай формалармен жүргізуге болады:
Титр = 1000/индекс; индекс = 1000/титр
Топырақ және тағам өнімдері үшін сәйкесінше;
Титр = 1/индекс индекс =1/титр
Индексті көбінесе мембраналық сүзгі қолдану жолымен немесе қатты қоректік ортада осы шыққан колониялардың санағы жүргізілетін әртүрлі сұйықтықтағы зерттелетін субстраттарға себу арқылы анықтайды.
Санитарлық-көрсеткіш микроағзаның түрін таңдау зерттелетін нысан мен нақты зерттеу міндетіне байланысты. Екі және одан да көп санитарлық- көрсеткіш микроағзалардың сандық есебі көп жағдайда бір мезгілде жүргізіледі.
Судағы патогенді микроағзаларды олардың аз концентрациясын еске ала отырып анықтау өте қиын. Судың эпидемиологиялық және эпизоотологиялық қауіпсіздігі туралы екі микробиологиялық көрсеткіштер: судағы микробтардың жалпы саны (микроб санын анықтау) және ішек таяқшасы бактериялар тобының санына (коли-титр және коли-индексті анықтау) қарай судың санитарлық бактериологиялық зерттеулерінің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
Таза ауыз су, құбырдағы су, тазартылған және дезинфекциялайтын судың микробиологиялық көрсеткіштері қалыпты мемлекеттік стандарт бойынша: микроб саны 100-ден, коли-титр 300-ден, ал коли-индекс 3-тен аспауы қажет.
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын судың санитарлық-гигиеналық нормасы таза ауыз судың нормасындай болуы тиіс.
Тазартусыз және дезинфекциясыз құбырлармен таратылатын артезиан скважиналарындағы су келесі нормаларға сәйкес келуі тиіс: судағы микроб саны 100-ден, коли-титр кем дегенде 500, коли-индекс 2-ден аспауы керек. Ашық су қоймалардағы суда егер микроб саны 1000-нан, коли-титр 101-ден кем, коли-индекс 9-дан артық болса, сапалы деп саналады. Ашық су қоймалардағы судың коли-титрі оның аздап ластану кезінде 0,01-0,004 тең болады.
Ашық су қоймалардағы су, оның ішінде құдықтардағы грунт сулары көптеген фекалды және фекалды емес заттармен ластанады, оны бактериологиялық зерттеу кезінде бірнеше санитарлық – көрсеткіштерді есепке алады: Е. сoli және энтерококктар (суды жаңа фекальды ластану көрсеткіштері); C.perfringens (бұрынғы фекальды ластану көрсеткіштері); Proteus туысы бактериялары (жануар текті органикалық заттар немесе адам фекалімен ластанған су қоймалардың көрсеткіші); ішек фагтары (судағы энтеровирустардың кездесуі). Осы көрсеткіштердің барлығын анықтау су қоймаларының санитарлық жағдайларын кешенді бағалауға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет