Микробиология


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет53/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Судың коли титрін қалай анықтайды?
2. Коли индекс дегеніміз не?
3. Судың санитарлық көрсеткішін қалай анықтайды?
4. Суды тазартудың қандай әдістері бар?
5. Судың ластануы.

9 Зертханалық сабақ




Тақырыбы: Ауа микрофлорасы.
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді Кох ұсынған микробтардың шөгу әдісімен таныстыру.
Қажетті материалдар: дайын қоректік орталар (ЕТА, ЕТЖ, картопты агар немесе Чапек – Докс қоректік ортасы), Петри табақшалары, спиртшам, спирт.

Ауада микроағзалардың споралары көп кездеседі. Олардың саны мен түрі ауаның таза немесе ластануына байланысты болады. Тіршілік қайнап жатқан жерлерде ауаның микрофлорасы жоғары болады.


Микробтар қоректік ортаға түскен соң көбейіп өсе бастайды. Петри табақшасындағы қоректік ортадағы әр колония бір колония түзуші бірліктен (КТБ) өсіп дамиды.
Ауадағы КТБ санын анықтау үшін Кох әдісін (қатты қоректік ортаға микроағзалар клеткасының шөгуі) пайдаланады оның мәні мынадай: қоректік ортасы бар зарарсыздандырылған Петри табақшасын (ЕТА, ЕТЖ, картопты агар немесе Чапек – Докс қоректік ортасы) зерттелетін ауданда 5 минут қақпағын ашып қояды. Микроағзалардың споралары бар шаң-тозаң бөлшектері ауырлық күшімен қатты қоректік ортаның бетіне шөгеді. 28—30°С температурада 48 сағаттан соң бактерия колониялары түзіле бастайды. Колониялардың кейбіреуі баяу өсетіндіктен колония санын 5 тәулікте санаған жөн.
100 см2 ауданда 5 минут ішінде 10 л ауада (0,01 м3) қанша микроағза клеткасы болса, сонша клетка шөгеді. Петри табақшасының ауданын біле отырып, 1 м3 ауадағы жасуша санын санауға болады. Ол үшін колония санын Петри табақшасының жалпы ауданына қатынасымен анықтайды. Алдымен 100 см2 ауданда, сонан соң 1 м3 ауада қанша колония болатынын санайды.
Мысалы: диаметрі 10 см Петри табақшасында 45 колония өсіп шықты. Табақшаның ауданы (пг2) 3,14 * 52 = 78,5 (см2) құрайды.
Әрі қарай 100см2 (10 л немесе 0,01 м3 ауада) жасушалар санын санайды.
78,5 см2 ауада 45 колония
100,0 см2 » » х
х = 100*45 =57 (жасушалар)
78,5
Сонымен, 0,01 м3 ауада 57 жасушалар бар, ал 1 м3 олардың саны 100 есе көп, яғни, 5700 жасуша болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет