Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Бақылау сұрақтары: 
1 Судың коли-титрі мен коли-индексі дегеніміз не, оларды қалай анықтайды?
2 Бактериологиялық зерттеуге су үлгілерін алу тәсілдері. 3 Судағы патогенді микроорганизмдерді қалай
анықтайды? 4 Ауа мен топырақты санитарлақ-бактериологиялық бағалауда қандай көрсеткіштерді ескереді?
5 Ауадағы жалпы микробтардың санын анықтау тәсілдері.
Он үшінші зертханалық-тәжірибе сабағы
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін анықтауға арналған кейбір
тәсілдерін меңгеру.
Материалдар мен жабдықтар.
Стафилококк, сальмонелла, эшерихиялардың таза өсінділері бар
шыны түтіктер. 5%-дық сутегінің асқын тотығының ерітіндісі. Глюкоза, лактоза, сахароза және ВР
индикаторы бар қоймалжың ЕПА, ЕПС немесе Гиссаның сұйық қоректік орталары бар шыны түтіктер. Эндо
немесе Левин агары құйылған Петри шынылары. Күкірт сутекті, индолды, аммиакты анықтауға арналған
индикаторлық қағаздар бар ЕПС. Стерильді пинцеттер. Спирт шамдары. Кестелер.
Студенттер алдыңғы сабақта себілген микроб өсінділерінен жағынды жасап, оны Грам тәсілі
бойынша бояйды және олардың өсінділік қасиеттерімен танысады. Студенттер микроорганизмдер
өсінділерінен көмірсулары бар қоректік орталарға сеуіп, олардың қантты ыдырату қасиеттерін анықтайды.
Микроьтардың протеолиттік қасиетін зерттеу үшін ЕПЖ қолданылады. Индолды, күкіртті сутектің,
аммиактың бөлінуін анықтау үшін ЕПС бар шыны түтіктің ішіне индикаторлық қағазды тығынның
көмегімен қыстырып қояды. Микробтардың редуцирлеушілік қасиеттерін зерттеу үшін олардың өсінділерін
метилен көгі немесе лакмусы бар қоректік орталарға себеді. Бактериялардың каталазаны түзу қасиетін
анықтау үшін олардың агарлық және сорпалық өсінділері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет