Препарат дайындау.
Тығыз қоректік ортадағы өсіндіні препарат инесінің көмегімен алып, зат
шынысының үстіне салып, екінші зат шынысымен жабады. Материалды езе отыра, шыныларды қарама –
қарсы бағыттарда жылжытып, ажыратқанда екі препарат дайын болады. Сұйық қоректік ортадағы өсінді
суспензиясын зат шынысының бетіне микробиологиялық ілмектің көмегімен жағынды жасайды. Бекітілген
жағындыны Пфейффер фуксинімен бояп, микроскоппен қарағанда шоқталып орналасқан жіңішке
бұтақталған (тарамдалған) жіптер (гифтер) көрінеді.
Ашытқылар
– бір жасушалы, мицелийлері жоқ, бүршіктенетін саңырауқұлақтар. Олар
аскомицеттер класына жатады. Жасушаларының формасы сопақ, дөңгелек, лимон тәріздес болып келеді.
Олардың жасушаларының қабығы, цитоплазмасы және боялмаған препараттарда айқын көрінетін ядросы
болады. Жас жасушалардың цитоплазмасы біркелкі, ал ересектерінде вакуольдер пайда болады.
Ашытқылар микробтарға қарағанда біршама үлкен, олардың диаметрлері 10-15 мкм-ге дейін жетеді.
Ашытқы жасушасының ішінде спора түзілген соң олар сумкалар (аскалар) деп аталады. Спораларының саны
4-тен 12-ге дейін барады. Ашытқы жасушалары тынышталған немесе артроспора түрінде де кездеседі. Олар
вегатативті формалардың екі қабатты қабығымен, қоректік заттарының (гликоген, май) молшылығымен
және вакуольдердің жоқтығымен ажыратылады. Ашытқылар бүршіктену арқылы, спора немесе жыныстық
жолдарымен көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |