Бақылау сұрақтары:
1 Қарапайым, люминесцентті және
электронды микроскоптардың құрылымы. 2 Макро және микро
бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі. 3 Микроскоптың окуляры мен
басқа да оптикалық бөлімдері, олардың үлкейту дәрежелерін анықтау.
4 Микробиологиялық зертхананың бөлімдері, қауіпсіздік техникалары.
2-сурет. «ЛЮМАМ РПО 11»
люминесцентті микроскоп
3-сурет. «ZEISS LEO SUPRA 25»
электронды микроскоп
11
ШАР ТӘРІЗДІ МИКРООРГАНИЗМДЕР.
БАКТЕРИЯЛАРДЫ БОЯУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ТӘСІЛІ
Препараттарды дайындау
Зат және жамылғы шыныларын өңдеу.
Микроскопиялық
препаратты дайындау алдында зат және жамылғы шынылар өңдеуден
өткізіліп, майынан тазартылуы қажет. Су тамшысының шыны бетінде
біркелкі таралуы – оның жақсы майсыздандырылғандығының дәлелі.
Қолданылмаған шыныларды әуелі суда жуып, сонан соң оларды
Никифор ерітіндісінде ұстайды. Препаратты дайындар алдында
шыныларды жалынның үстінде ұстап, қыздырып алады. Жаңа
шыныларды 1%-дық натрий гидрокарбонатының (соданың) ерітіндісінде
10 минут қайнатып, дистилденген сумен (0,5% тұз қышқылы қосылған)
жуып, алғаннан кейін дистилденген сумен шаяды. Қолданылып жүрген
шынылар концентрацияланған күкірт қышқылының ерітіндісінде немесе
оның 5% калий дихроматы қосылған ерітіндісімен өңделеді (ерітіндіні
дайындау тәртібі: 6 г калий дихроматына 100 мл дистилденген су және
100 мл күкірт қышқылын қосып шайқаған соң бір күнге қалдырады.
Ерітінді күңгірт қызғылт сары түске боялады. Хромды қоспа өте күшті
тотықтырғыш болғандықтан органикалық заттармен ластанған жерлерді
жақсы кетіреді).
Шыныларды аталмыш ерітіндіде 1-2 сағат ұстап, сумен жуып, 5%-
дық натрий гидрокарбонатының ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Одан
кейін дистилденген сумен шайған соң кептіргіш шкафта немесе бөлме
температурасында кептіреді. Өңделген зат шыныларын тығыз тығыны
бар банкаларға құрғақ түрінде немесе Никифор ерітіндісінде сақтайды.
Шыныларды пинцетпен алған жөн, өйткені қолдың майлы дақтары
шыныны жарамсыз күйге келтіреді.
Жағындыны дайындау.
Жағындылар (препараттар) зат шынысының
бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер түтікшесі көмегімен
дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік орталарда
өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер
қолданылады.
Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырды. Сосын тығыз
қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдердің өсінділері бар шыны
түтіктің тығынын жалынның үстінде қолдың шынашағымен абайлап
ашып, ілмекті шыны түтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның
себілмеген жеріне тигізу арқылы суытады да, онымен микробтар
массасын іліп алып, шыны түтікті жауып, штативке қояды.
Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық
ерітінді тамызылған зат шынысының бетін жұқалап жағады. Тығыз
қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар
алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді
немесе су тамызады. Жағындыларды дайындау схемасы 4-суретте
көрсетілген.
12
|