көрсеткіші. Микроскоптың жалпы ұлғайтуын объективтің ұлғайту
дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы
табады (мысалы, объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х9).
Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9 =1080.
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері.
Микроскоппен жұмыс істер
алдында кондесордың жағдайы тексеріледі. Ол зат үстелінің деңгейіне
дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең
аз ұлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны
айналдырып, көз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге
арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны
зат үстелінің үстіне қояды. Револьверді бұрай отыра, иммерсионды
объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің
маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды
майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты
препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан көрінген
кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа)
реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді.
Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ
мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген
қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды.
Қараңғы өріспен жұмыс істегенде, кондесордың жоғарғы линзасына
тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын
тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып,
конденсорды объективтің осьіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз
шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: